"Халықтың сүйіктісі" ұлттық жүлдесінің "Жалынды интернет-басылым" аталымына Massaget.kz үміткер болды! Құрметті оқырман, басымыз бір болып, сайтымызды бәйгеде жеңімпаз етуге бірге ат салысайық!
Massaget.kz "Халықтың сүйіктісі" жүлдесінің алғашқы екі кезеңінен өтіп, соңғы кезеңіне төрт үміткердің бірі ретінде аяқ басты. Жүлденің сайтында дауыс беру 25 қазан күні басталды.
Бұл жолы үміткерлерге дауыс беру ресми сайтта өтеді. Массагеттің тұрақты оқырманы болсаңыз, "Жалынды интернет-басылым" аталымында сайтымызға дауыс береді деп сенеміз. Бұл жеңіс тек сайттың емес, оның барша оқырманының, халықтың жеңісі саналатыны сөзсіз.
"Халықтың сүйіктісі" ұлттық жүлдесінің "Жалынды интернет-басылым" аталымына Massaget.kz-ке дауыс беру үшін мына сілтемеге өтіп, дауыс бере аласыздар. Сайтымыз ашылғалы бізбен бірге болып, Массагетті қолдап келе жатқандарыңыз үшін мың алғыс!
Сурет: ©massaget.kz