Павлодарда «ЕртісИнвест-2014» халықаралық инвестиция форумы өтеді

Павлодарда «ЕртісИнвест-2014» халықаралық инвестиция форумы өтеді

Павлодар қаласында 2014 жылғы 30 қазанда Достық Үйінде «ЕртісИнвест-2014» халықаралық инвестиция форумы өткізіледі, онда Павлодар аймағының мүмкіндігі көрсетілетін болады.

Форумға 124 жоба ұсынылады деп жоспарлануда, олардың 57-сі ғылыми зерттемелер болмақ. Жобаның басым көпшілігі Павлодар облысы үшін дәстүрлі саналатын ауыл шаруашылығы және өнеркәсіптік өндіріс саласын қамтиды. Жобаларды іске асыру шамамен 2,5 мың жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.

Ішінара химия өнеркәсібі бойынша 4 жоба ұсынылады, олар: кальцийленген сода өндіру, кальций гипохлориты, балқыту қышқылы және  алюминий фторидін өндіретін зауыт құрылысын салу.

Ауыл шаруашылығы бойынша екі жоба: 24 000 тонналық элеватор құрылысы және фри картобын өндіруге арналған картопты қайта өңдеу цехы.

Металлургия және ТМК дамыту бойынша Форум қонақтарына «Жанған көмір күлін кешенді қайта өңдеу өндірісін құру және жоғары сапалы өнеркәсіп өнімдерін шығару» және «Автомобильге арналған алюминий дискісін жасау» жобалары ұсынылады.

Шағын және орта бизнес бойынша үш жоба ұсынылады, олар: «Өндірістік-құрылыс компаниясын құру», «Баянауыл ауданында лицензияланған аң аулау, балық аулау және тау туризмін ұйымдастыру», «Аймақтық технопарк құру». 

Жобаларды іске асыру үшін талап етілетін инвестицияның жалпы көлемі 1,7 млрд. АҚШ долларына бағаланып отыр.

Кальцийленген сода өндіру зауытының құрылысы жөніндегі жоба ең ірісі болып табылады. Ең көп инвестиция сомасы 503 млн. АҚШ долларын еншілеуді мақсат тұтқан да осы жоба. Форум қоржынындағы ең арзан жоба «Бүршік кептіру» қарағай бүршігін өндіру ұйымы». Талап етілетін инвестиция көлемі - 19,7 мың АҚШ доллары.

Барлық көрсетілетін 124 жоба бойынша бизнес жобалардың барлық өлшемі мен тәуекелдері көрсетілген барлық қажетті құжат пен есеп-қисаптар әзірленді.

Форумға Қазақстанмен ынтамақтастық қарым-қатынастағы шекарамен шектес аймақтар, ҚР Елшілік өкілдері, Қазақстан Республикасы және өзге елдердің бизнес-қауымдастықтарының, мемлекеттік органдардың, даму институттарының, ұлттық компаниялардың және ғылыми-зерттеу институттарының өкілдері шақырылды.

Толық ақпаратты мына сайттан көруге болады: ertysinvest.kz  

Сурет: yvision.kz

Р. Роза