Қазақстандық софтверлiк компаниялар қауымдастығының ұйымдастыруымен жас ақындар арасында "Менің Досым" атты жыр бәйгесі өткізіледі.
Байқаудың негізгі мақсаты, «Біріңді қазақ бірің дос, Көрмесең, істің бәрі бос», - деп ғұлама ақын Абай айтқандай, бүгінгі қазақ жастары арасындағы достық, бауырластық сезімін насихаттау, достық культін көтеру, қоғамдағы өзара түсіністік пен татулыққа үлес қосу;
Толық ақпарат төмендегідей:
Конкурстың шарты:
Достық тақырыбында жазылған өлеңдер ғана қабылданады.
Өлеңдеріңізбен бірге қысқаша өмірбаяндарыңызды қоса жіберулеріңізді өтінеміз.
Жүлде:
Ең үздік өлеңге ақшалай сыйлық және қазақ кітабының тарихында тұңғыш рет «Twinbook» форматында жарық көрген «Ғаршы-Ғаусар» (Ақберен Елгезек, Ерлан Жүніс) жыр кітабы сыйға беріледі.
Сонымен қатар, іріктелген жиырма өлеңге де арнайы сыйымыз бар.
Қабылдау уақыты:
Маусым айының 18-ші жұлдызына дейін.
Өлеңдеріңізді және қысқаша өмірбаяндарыңызды мына пошталық мекенжай бойынша қабылдаймыз:
Dostyk2000@mail.ru
Жыр бәйгесінің қорытындысы және мерекелік іс-шарасы Астана қаласында өткізіледі.
Дайындаған: Нұржігіт Айдархан
Сурет: vk.com