"Менің досым" атты жыр бәйгесі өткізіледі

"Менің досым" атты жыр бәйгесі өткізіледі

Қазақстандық софтверлiк компаниялар қауымдастығының ұйымдастыруымен жас ақындар арасында "Менің Досым" атты жыр бәйгесі өткізіледі. 

Байқаудың негізгі мақсаты, «Біріңді қазақ бірің дос, Көрмесең, істің бәрі бос», - деп ғұлама ақын Абай айтқандай, бүгінгі қазақ жастары арасындағы достық, бауырластық сезімін насихаттау, достық культін көтеру, қоғамдағы өзара түсіністік пен татулыққа үлес қосу;
Толық ақпарат төмендегідей:

Конкурстың шарты:
Достық тақырыбында жазылған өлеңдер ғана қабылданады.
Өлеңдеріңізбен бірге қысқаша өмірбаяндарыңызды қоса жіберулеріңізді өтінеміз.
Жүлде:
Ең үздік өлеңге ақшалай сыйлық және қазақ кітабының тарихында тұңғыш рет «Twinbook» форматында жарық көрген «Ғаршы-Ғаусар» (Ақберен ЕлгезекЕрлан Жүніс) жыр кітабы сыйға беріледі.
Сонымен қатар, іріктелген жиырма өлеңге де арнайы сыйымыз бар.
Қабылдау уақыты:
Маусым айының 18-ші жұлдызына дейін.
Өлеңдеріңізді және қысқаша өмірбаяндарыңызды мына пошталық мекенжай бойынша қабылдаймыз:
Dostyk2000@mail.ru

Жыр бәйгесінің қорытындысы және мерекелік іс-шарасы Астана қаласында өткізіледі.
Дайындаған: Нұржігіт Айдархан
Сурет: vk.com
Н. Айдархан