LSBF бағдарламалары толық таныстырылды

LSBF бағдарламалары толық таныстырылды

Лондон Бизнес және Қаржы Жоғары Мектебінің Алматы қаласындағы бөлімшесі өткізген ашық есіктер күнінде Ұлыбританияның Халықаралық ЖОО-да білім алуға бағытталған бағдарламалар толық таныстырылды.

LSBF мектебі әуелде «ACCA/CIMA Training Centre» деген атаумен бухгалтерлік есеп саласындағы мамандардың біліктілігін арттырумен өз жұмысын бастаған екен. Қазіргі кезде де жоғары біліктілікті арттыру орталықтары жұмыс істеп тұрғанымен, ең басты назар өзінің негізгі жеті жоғарғы мектебіне бағдарланады. Негізгі мектептері Лондон, Бирмингем, Манчестер, Торонто, Сингапур, Ганновер және Чикаго қалаларында орын тепкен.

LSBF осы күнге дейін студенттерге арнайы шәкіртақы ретінде 1,2 миллион фунт қаржы бөліпті. Нақтылап айтқанда, 8 000 магистратура және бакалавр студенттері тегін білім алуға қол жеткізген екен. Ал Кент ханзадасы Майкл басты қолдау білдіруші, яғни шәкіртақы ұсынушы болып табылады.

LSBF бағдарламалары

Тілдік курстар (Сингапур)

Ағылшын тілінің бастапқы курсы 3 ай мерзімінде оқытылады. Ал нақты деңгейлер бойынша , әр бірі екі айдан оқытылады. Оған қоса, ағылшын тілінің бизнес саласындағы сауаттылығын арттыру курстары мен жазғы тіл үйрету сабақтарын қамтиды.

Тілдік курстар (Канада)

Мынадай салаларда топтарға бөліп оқыту қарастырылған:

Жалпы ағылшын тілі (+ speaking)

Жеке оқыту форматтары

Академиялық ағылшын тілі және IELTS  сынағына дайындық

Business English (Арнайы мақсаттағы ағылшын тілі)

Тәжірибе арттыру (Канадада оқу мен тәжірибе жинақтау)

Ганновер мектебі

Германияның Ганновер қаласындағы LSBF мектебі ағылшын және неміс тілдерінің арнайы сабақтарын ұсынады.

ЖОО-на дайындау (16 жас):

  • Жалпы мақсаттағы неміс тілі
  • Бизнес саласындағы неміс тілі
  • TESTDAF
  • ЖАлпы мақсаттағы ағылшын тілі
  • Бизнес саласындағы ағылшын тілі

LSBF Бакалавриаты

  • BIB (Халықаралық бизнес бакалвриаты)
  • BIB (Менеджмент)
  • BIB (Қаржы және есеп, аудит)
  • BIB (Маркетинг және жарнамамен жұмыс жасау)
  • BIB (сән және дизайн)

Лондонның Бизнес және Қаржы Жоғарғы Мектебі нақты бизнес саласында үздіктердің қатарында болғандықтан, көптеген бакалавр студенттері бизнес құрылымында білімін арттырады екен.

Бакалврға оқуға түсушілерге қойылатын талаптар реті мынадай:

  • GPA студент білімінің кем дегенде 80 пайызын қамтуы тиіс
  • Ағылшын тілін білуі: PTE 51 (минимум: Listening 51, Reading 51, speaking 51, Writing 51) немесе тіл білә деңгейін көрсететін сертификат, IELTS 5.5* (минимум: Listening 5.5, Reading 5.5, Speaking 5.5, Writing 5.5) немесе тіл білу деңгейін көрсететін сертификат, TOEFL 87 (минимум: Reading 22, Writing 21, Listening 21, Speaking 23) немесе арнайы сертификат.
  • Өтініштер мен құжаттар толық жіберілуі қажет
  • JPG форматындағы сурет (150x150 пикселді)
  • Жылдық оқудың ақысы: £11,500

LSBF Магистратурасы

  • MBA
  • Стратегиялық Маркетинг
  • Қаржы
  • Халықаралық Заң және Бизнес
  • Қонақ үй Менеджменті
  • Туризм
  • Медиа және Коммуникация
  • Қоғам және мәдениет
  • Сәулет өнері, Интерьер және Бренд
  • Сән Бизнесі
  • Қоғамдық Қатынастар
  • Жеке Кәсіпкерлік
  • Жалпы Менеджмент

Магистратураға үміткер студенттерге қойылатын талаптар:

  • Бағдарламаның тапсыру ережелерін толық қамту
  • Бакалаврлық диплом
  • IELTS сертификаты (ең кемі 6 балл)
  • Екі ұсыныс хат
  • Ағылшын тілінде түйіндеме
  • JPG форматындағы сурет (150x150 пикселді)
  • Жылдық төлем ақысы: £4 500 пен £14 250 аралығы

Қазақстаннан Бакалавр бойынша аталған мектептерге жыл сайын 35-40 студент қабылданады екен. Соның ішінде 8-10 студент жартылай және толық грант иегері атанады екен. Ал магистратура бойынша алдағы қыркүйекке тапсыру кезеңі аяқталған. Келесі жылы тапсырам деушілерге 2015 жылдың қаңтар айынан құжыттарын жинақтай беруіне болады.

Арнайы massaget.kz үшін: Жолдас Өрісбаев

Сурет: massaget.kz, www.lsbf.org.uk

Ж. Өрісбай