Қазақ тілін үйренгісі келетіндер үшін жаңа кітап жарық көрді

Қазақ тілін үйренгісі келетіндер үшін жаңа кітап жарық көрді

Ертең, яғни 23 қаңтарда сағат 11.00-де Астана қаласындағы Ұлттық академиялық кітапханада Қанат Тасыбековтың «Ситуативный казахский ІІ т., Диалоги» кітабының тұсаукесері өтеді, деп жазады baq.kz.

Бұған дейін, автордың «Ситуативный казахский І т., Мир казахов» деп аталатын кітабы 15 000 тиражбен жарық көріп, қазақстандық бестселлерге айналған. «Эксперт Казахстан» интернет-порталының әлеуметтік зерттеуі бойынша Қазақстан халқының ұлттық дүниетанымын көрсететін 100 кітаптың қатарына енген. Автордың өзі қазақ тілін үйретудің әдістемесін дамытқан еңбегі үшін «Тіл жанашыры» құрмет белгісімен марапатталған.

«Ситуативный казахский ІІ т., Диалоги» кітабы аты айтып тұрғандай, оқулықтарға арналған жасанды тақырыптағы диалогтардан тыс, нағыз өмірде кездесетін ситуациялық жағдайдағы сұхбаттарды қамтиды. Жалпы кітап оқырман қауымды мемлекеттік тіл жайлы, трайбализм жайлы, “қазақы ислам” жайлы, ұлттық мәселе төңірегінде, ЕурАзЭО-ға кіру туралы, Астана және Алматы туралы ситуацияда кездесетін осындай сұхбаттарымен баурайды.

сурет: facebook.com

Е. Қайрахан