- Негізгі бет
- Хабарландыру
- «Қане, қазақша сөйлетіп...
«Қане, қазақша сөйлетіп көр!» шығармашылық байқауы
Қазақстан Республикасындағы Тілдер күніне арналған «Мәңгілік елдің – мәңгілік тілі» іс-шарасы шеңберінде шетелдік шығарманы қазақ тіліне аудару арқылы, үздікті анықтау үшін «Қане, қазақша сөйлетіп көр!» шығармашылық байқауы жарияланды. Байқауға барлық тілек білдіруші Қазақстан азаматтары қатыса алады.
Байқау шарттары:
1. Шетелдік шығарма үзіндісін қазақ тіліне аудару.
2. Аударылған үзіндіге ұзақтығы 1 минуттан аспайтын бейнеролик түсіру. Қатысушылардың шығармашылық тәсілі және өзіндік идеялары бағаланады.
3. Facebook немесе Instagram әлеуметтік желілеріндегі жеке парақшада жариялау.
4. #қазақшасөйлетіпкөр хештегін қою.
5. Facebook (JSC «Center for International Programs») немесе Instagram (@bolashakcip) әлеуметтік желілеріндегі Қоғамның ресми парақшасында осы сурет астындағы түсініктемеге «Жасалды» деп жазу қажет.
Конкурстық бейнероликтер 2016 жылы 19 қыркүйекке дейін жариялануы қажет.
«Мәңгілік елдің – мәңгілік тілі» байқауын өткізу туралы ережемен осы жерден толық танысуға болады.
@. @assel_assanova