2016 жылдың 25 наурызы күні «Дружные ребята» республикалық газетінің қолдауымен және «Мобильді рептортер» жобасының аясында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің журналистика факультетінде «Жас корреспондет» VIII форумы, «Жас репортер» ІІІ шоу-кейс фестивалі және «Медилэнд» ІІІ интеллектуалды күндері өткізіледі.
Жыл сайын ҚазҰУ-дың журналистика факультеті мектеп оқушылары арасында «Журналист болғың келе ме?» атты шығармалар байқауын өткізеді. Конкурстың басты мақсаты мектеп оқушылары арасында болашағын журналистикамен байланыстырғысы келетін дарынды жастарды саралау. Байқаудың ақпараттық қолдаушылары қатарында республикалық газет «Дружные ребята», «Ұлан», «Қазақстан - 2050» жалпыұлттық қозғалысы, «Бас редакторлар клубы» ҚБ, «Коллеги», «Педагог», «Открытая школа» интернет-журналдары қатысады.
Байқау қорытындысы 25 наурыз күні Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да өтетін VIII жас корреспендтер форуымында жарияланады.
Форум барысында «Журналист болғың келе ме?», «Жас репортер» байқауларында ең үздік шығарма, эссе, видеосюжет, аудиорепортаж, фотоэтюд наминациясы бойынша жеңімпаздарға диплом және бағалы сыйлықтар тапсырылады. Сонымен қатар «Журналистика әліппесі» тақырыбында ғалым-мұғалімдер және танымал журналистердің шеберлік-сыныптары өткізіледі. Мәдени бағдарлама аясында Форум қатысушылары Әл-Фараби атындағыҚазҰУ кампусы бойынша пресс-турға қатысады.
«Журналист болғың келе ме?» байқауының шығарма тақырыптары:
• Журналистика не үшін қажет?
• Журналистика: қолөнер ма немесе шығармашылық па?
• Сынып жетекшісімен интервью
• ХХІ ғасыр: кітап және компьютер
• Мен өмірсүретін әлем
• Журналистика мамандығын таңдаймын: сөйлеу
• Флэшмоб сценарийі
Жеңімпаздардың жұмыстары «Дружные ребята» және «Ұлан» республикалық газеттерінде жарияланады.
Қосымша ақпарат алу үшін: 8 701 326 9167, Лариса Павловна Нода