- Негізгі бет
- Хабарландыру
- Жастардың ақпараттық сауаттылығын...
Жастардың ақпараттық сауаттылығын дамытуға бағытталған жоба басталды
Нұр-Сұлтан қаласы Коғамдық даму істері басқармасының бастамасымен "True or False" жобасына қатысуға өтінімдер қабылдау басталды.
"True or False" жобасы - жастардың ақпараттық сауаттылығын дамытуға бағытталған. Жоба аясында Мектеп ашылады. Мектептің мақсаты – жастарға киберкеңістіктегі ақпаратты дұрыс талдау, жалған ақапаратты ажырату және сыни ойлау дағдыларын қалыптастыру.
Қазан айынан қараша айына дейін Нұр-Сұлтан қаласында 14-29 жас аралығындағы 150 қатысушы үшін тренингтер өткізіледі.
Тренингтерді IT, киберқауіпсіздік, психология және коммуникация саласының жетекші сарапшылары өткізетін болады. Ал жобаны республикалық "Жас Ұлан" бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы ұйымдастыруда.
Қатысушыларды тіркеу 3 қазанға дейін ашық. Толық ақпаратты +7 705 560 5087 нөмірі бойынша және Instagram желісіндегі ресми парақшасы арқылы білуге болады.
- Жастар ақпараттың таратылу жылдамдығы және технологиялардың қарқынды дамуына дайын болуы тиіс. Тақырыптың өзектілігіне байланысты аталмыш жоба ұйымдастырылды, – деп атап өтті Басқармада.
Жалған ақпарат жарға жығады. Қай кезде де сақ болған жөн. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енген заңнамаға сәйкес, жалған ақпарат беру, тарату және пайдалану қылмыстық жауапкершілікке әкеліп соғады. Сондықтан ақпараттық жүйедегі әр іс-әрекет асқан жауапкершілікті талап етеді.