Жастар жылына арналған мобильдік медиа мектеп өтеді

Жастар жылына арналған мобильдік медиа мектеп өтеді
Фото: massaget.kz

8 мамыр күні Нұр-Сұлтан қаласында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ журналистика факультеті ұйымдастыруымен Жастар жылына арналған "Жаһандық коммуникация дәуіріндегі қоғамдық ақпарат рөлі"  VIІІ  республикалық мобильдік медиа мектебі өтеді.

Республикалық іс-шараның өтуіне әл-Фараби атындағы ҚазҰУ журналистика факультеті "Медиасфера" гуманитарлық зерттеулер  орталығы мұрындық болуда. Мобильдік медиа мектеп жұмысына Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары және Қарағанды, Петропавл, Павлодар, Қызылорда, Түркістан өңірлерінен жас журналистер қатысады деп күтілуде.

Модульдар:

1. Цифрлық өркениет және "мәдени код";
2. Тұрақты қалалар және қоғамдық ақпарат;
3. Цифрлық тұлға және коммуникация алаңы.

2016 жылдан бері әл-Фараби ат. ҚазҰУ журналистика факультеті ұйымдастыруымен өңірлік БАҚ өкілдеріне арналған мобильдік медиа мектеп шаралары алғаш Оңтүстік Қазақстаннан бастау алып, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында жалғасты. VІІI мобильдік медиа мектеп Нұр-Сұлтан қаласында жұмысын жалғастырады. 

Мобильдік мектептің мақсаты - Жастар жылын қолдау, масс-медиа саласындағы кәсіби мамандардың дәрістерін тыңдау, Цифрлық медиа саласындағы жаңа трендтермен танысу.

Бағдарламада дәрістер аясында кейстердің шешімдерін табу жолдары қарастырылады. Жеке және топтық тәжірибелік сабақтар өткізіледі, таныстырылым, пікірталас, жоба талдау, кәсіби кеңес қамтылған.  

Қатысқандарға әл-Фараби атындағы ҚазҰУ журналистика факультеті "Журналист" БАҚ мамандарының біліктіліктілігін арттыру курсын тыңдағаны туралы куәлік беріледі.

Н. Үсенова