Өнер адамдарды ұлтына, тіліне немесе діни нанымына қарамастан біріктіретіні белгілі. "Mitsubishi Asian Children's Enikki Festa" жобасы да 24 мемлекеттің әр түрлі жастағы балаларын біріктіре отырып, оларға өнер арқылы басқа елдердің өмірін, тұрмысы мен дәстүрлерін білуге мүмкіндік береді.
Өнер – бізге өз сезімдеріміз бен көңіл-күйімізді бейнелер арқылы көрсетуге мүмкіндік беретін өміріміздің маңызды бір бөлігі. Нақ осы байқау арқылы қатысушылар да өз эмоцияларын шығармашылық арқылы жүзеге асыра алады.
"Mitsubishi Asian Children' s Enikki Festa" жобасы – Қазақстандағы ЮНЕСКО Клубтары Федерациясының басты жобаларының бірі. Бұл жоба 1990 жылдан бастау алады, әдетте, екі жылдық негізде жүргізілетін бұл байқаудың ұйымдастырушылары Азия-Тынық мұхиты аймағы ЮНЕСКО Клубтары және Ассоцияларының Федерациясы, Жапония Ұлттық ЮНЕСКО Ассоциацияларының Федерациясы болып табылады.
Негізгі мақсаты – әртүрлі елдер арасындағы өзара түсіністікті орнату мен сақтау, ұлтаралық қарым-қатынас этикасы мен толеранттылыққа тәрбиелеу, сонымен қатар Азия халықтарының тарихы мен мәдениеті туралы танымдарын арттыру болып табылады. Фестиваль басталғалы Азияның түрлі елдерінен 750 000-ға жуық бала қатысып үлгерген.
Байқау қатысушылары "Бұл менің өмірім" атты тақырыпта өз өмірлерінің бақытты сәттерін сипаттайтын 5 иллюстрацияланған сурет салуы тиіс.
Ең бастысы – сурет басқа мемлекет балаларына түсінікті болуы керек және әрбір жұмыcта суреттің астында қысқаша эссе ретінде сипаттама болуы қажет.
А4 форматтағы (297мм ұзындығы х 210 мм ені) ақ парақ, жоғарысында сурет (парақтың үштен екі бөлігінде), төменінде эссе (парақтың үштен бірінде). Сурет пен эссе парақтың бір бетінде болуы қажет. Парақтың екінші бетін қолданбауыңызды өтінеміз.
Фестивальге 6-12 жас аралығындағы балалар қатыса алады.
Халықаралық байқауға қатысудың баға жетпес тәжірибесінен бөлек, жеңімпаз үшін басты марапат – бұл өткен жылдардағыдай танымдық бағдарлама негізінде жапон мәдениетімен танысуға мүмкіндеік беретін Жапонияның Йокогама қаласына, сондай-ақ Динейлэндке сапар.
Өтінімдер 2021 жылдың 10-қазанынан 20-желтоқсанға дейін қабылданады.
Байқауға қатысу үшін үміткер өтінім формасын толтыру қажет.
Әр парақтың артқы бетінде аты-жөніңізді жазыңыз және 1-5 номерлеңіз. Өтінім тапсыру формасын толтырыңыз және өз жұмысыңызбен бірге тапсырыңыз. Бес суреттің түпнұсқасын өтінім тапсыру формасымен бірге салыңыз да, Ұйымдастырушылардың хатшылығына келесі мекен-жайға пошта арқылы жіберіңіз: Алматы қ., 050046, Абай даңғылы 159, Казахстандық Национальной Ұлттық ЮНЕСКО клубтарының Федерациясы