"Халықтың сүйіктісі" ұлттық жүлдесіне дауыс беру бүгін аяқталады! Құрметті оқырман, басымыз бір болып, сайтымызды бәйгеде жеңімпаз етуге бірге ат салысайық!
Бұл жылы «халықтың сүйіктілерін» таңдау үш кезеңде өтіп жатыр: үміткерлерді іріктеу, әлеуметтік желілерде дауыс беру, ресми сайтта дауыс беру. Жүлденің сайтында дауыс беру 25 қазан күні басталды.
Бүгін, 10 қараша күні жүлдеге дауыс беру аяқталады. Массагеттің тұрақты оқырманы болсаңыз, "Жалынды интернет-басылым" аталымында сайтымызға дауыс береді деп сенеміз. Бұл жеңіс тек сайттың емес, оның барша оқырманының, халықтың жеңісі саналатыны сөзсіз.
"Халықтың сүйіктісі" ұлттық жүлдесінің "Жалынды интернет-басылым" аталымына Massaget.kz-ке дауыс беру үшін мына сілтемеге өтсеңіз болады. Сайтымыз ашылғалы бізбен бірге болып, Массагетті қолдап келе жатқандарыңыз үшін мың алғыс!
Қолдауыңызға сенеміз!
Сурет: tengrinews.kz