Биыл тест сынағын тапсырғандарға берілетін мемлекеттік білім гранттарын бөлу мәселесін қараған республикалық комиссия өз жұмысын қорытындылап, грант иелерін анықтады. Бұл туралы Егемен Қазақстан газеті хабарлады.
Кеше ғана Білім және ғылым вице-министрі Тахир Балықбаев, мемлекеттік білім грантын ұсыну бойынша өткен комиссия отырысында "мемлекеттік білім беру гранттарына ие болғандардың тізімін ертерек анықтап, БАҚ-қа 10 тамызда жариялауды жоспарлап отырмыз", - деген болатын.
Вице-министрдің айтуынша, жалпы алғанда биыл республика бойынша 34165 грант бөлінген. Оның ішінде 2530 орын ЖОО-лардың дайындық бөлімдерінде білім алу үшін, 31635 грант 1-курсқа қабылдану үшін, күндізгі бөлімге – 31135 грант, сырттай білім алуға – 500 грант.
Еліміздің барлық өңіріндегі жұртшылық асыға күтіп отырған білім беру гранттары иегерлерінің тізімі республикалық «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінің 9 тамыз, сенбі күнгі нөмірінде жарияланатын болады.
Грант иелері тізімін мына сілтемемен өтіп, жүктей аласыздар.
Дайындаған: Нұржігіт Айдархан
Сурет: azh.kz (өңделген)