Германияда оқығыңыз келе ме? Немесе белгілі бір бағдарлама іздеп жүрсіз бе? Онда қаржы жағынан көп бас қатырмай-ақ қойыңыз. DAAD халықаралық ұйымына сіздердей қызығушылығы артқан білімгерлер қажет.
Неміс Академиялық ұтқырлық қызметі (DAAD) студенттер мен оқушыларды шетел асып оқуына қолдау беретін және оларды қаржыландыратын әлемдегі ең үлкен халықаралық ұйым. 1925 жылы негізі қаланғалы бері 1,5 миллион студент DAAD қаржыландыруына ие болды. DAAD Неміс Университеттерінің студенттерінің халықаралық мәртебесі, неміс тілі мен мәдениетінінің дамуына және дамушы елдердің студенттерін шетелде оқып, мәдени танымын арттыруға бағытталған бағдарламаларға қолдау білдіреді.
Халықаралық ұйымды Германияның Сыртқы Істер Министрлігі кеңесі, Еуропалық Одақ және көптеген шетелдік ұйымдар мен компаниялар қаржыландырып отырады. Бас штаб-пәтері Германияның Бонн қаласында орналасқан, ал Қазақстандағы филиалы Қазақстан-Неміс Университетінде орын тепкен (Пушкин көшесі, 111/113, 18 кеңсе).
DAAD өткен жылы 70 000 неміс және өзге елдердің студенттерін қаржыландырды. Жалпы бағдарламалар жоғары білімнің барлық саласын қамтиды. Айта кетсек, бакалавр, магистратура және докторантуралық білім гранттары қаралған.
writeFlash({"src":"https://www.youtube.com/v/I7Vm0Y3zDHc","width":"450","height":"338"});
DAAD бағдарламаларының негізгі бес стратегиялық мақсаты:
Жас білімгерлердің Германияда академиялық білім алуына қолдау көрсету және мәдени, туристік қарым-қатынас орнату; Немістің білікті жас ғалымдарына әлемнің үздік ЖОО-да зерттеумен айналысып, өз тәжірибелерін арттыруға мүмкіндіктер беру; Германияның жоғары білім беру Институттарының халықаралық мәртебесін арттыру; Шетелдік Университеттерде неміс тілі, әдебиеті мен неміс мәдени танымының аясын кеңейту; Дамушы елдерге білікті мамандар дайындау арқылы қолдау көрсету.ГЕРМАНИЯНЫҢ ОҚЫТУ КУРСТАРЫ (2014)
18-ші Халықаралық Жазғы Академиясы (Тілдік және Мәдени Курсы)
Деңгейі:
Тілдік оқыту
Оқыту орталығы:
Lutherstadt Wittenberg
Тілі:
Неміс
Тілдік деңгейі:
B1 - C2
Мақсаттық топтастыру:
Барлық мамандықтағы студенттерге арналған
Талаптары:
Кем дегенде неміс тілінің B1 деңгейін білу қажет
Уақыты мен төлемі:
Тамыз 11 - Қыркүйек 3, 2014 (Соңғы тіркелу: Маусым 30, 2014)
Бағасы: 560 EUR
22-ші Халықаралық Жазғы Тілдер Мектебі
Деңгейі:
Тілдік оқыту
Оқыту орталығы:
Osnabrück
Тілі:
Неміс
Тілдік деңгейі:
A1 - C1
Мақсаттық топтастыру:
Кез-келген саладағы студенттер мен
бітірушілерге арналған. Әсіресе, бизнес
пен техникалық курстарға бағытталған
Талаптары:
Неміс тіліндегі базалық білімі болуы керек.
Дегенмен, бастауыштарға бір топ ашылады.
Уақыты мен төлемі:
Маусым 18 - Қыркүйек 15, 2014 (Соңғы
тіркелу: талап бойынша)
Бағасы: 620 EUR
36-шы Халықаралық Жазғы Неміс Тілі және Мәдениеті Сабақтары
Деңгейі:
Тілдік оқыту
Оқыту орталығы:
Ilmenau
Тілі:
Неміс
Тілдік деңгейі:
барлық деңгейлер
Мақсаттық топтастыру:
Барлық академиялық сала үшін ашық
Талаптары:
А1-С2, кемінде 18-ге толған болуы тиіс
Уақыты мен төлемі:
Тамыз 3 – Тамыз 28, 2014 (Соңғы тіркелу:
Шілде 1, 2014),
Бағасы: 595 EUR
Германияның ЖОО туралы; Германияда білім алу туралы; ЖОО, курстар мен қабылдау талаптары туралы; DAAD және басқа да неміс ұйымдарының шәкіртақылары; Шәкіртақы бағдарламалары туралы; Құжаттарды толтыру туралыжәне тағы да басқа сұрақтар мен кеңестер бойынша келесі телефон нөміріне қоңырау шалсаңыздар болады: 8 727 293 90 35 немесе электронды жәшікке хат жазыңыз: daad@mailbox.kz.
DAAD лекторларынан да кеңес алу мүмкіндіктері қаралған:
Гервин Мааг
Абылай Хан атындағы Халықаралық Қатынастар және әлем тілдері Университеті, роман-герман филологиясы, Алматы E-mail: gerwin_maag@yahoo.de
Қосымша сілтемелер:
Жиі қойылатын сұрақтар
Шәкіртақылар туралы толық ақпарат
Талаптар мен құжаттарды көшіріп алу
Дайындаған: Жолдас Өрісбаев
Сурет: www.daad.de