"Эйр Астана" компаниясы "бортсерік" қызметіне шақырады!

Бала күніміздегі арманымыз қолымыздан жетелеп, болашақта қызықты мамандық таңдауға жол ашады. Дәл сондай көпшіліктің қызығушылығына айналған мамандықтың бірі – бортсерік. Бортсерік болып елімізге қызмет көрсетіп қоймай, өзге халықтарға да қонақжайлылығымызды, қызметіміздің сапасының жоғары екендігін танытамыз. Мұнымен қатар әлемді тегін шарлап, жаңа елдің мәдениетімен танысамыз. Дәл осындай мүмкіндікті «бортсерік» мамандығына іріктеу өткізіп жатқан Қазақстан Республикасының ұлттық әуетасымалдаушысы «Эйр Астана» компаниясы ұсынып отыр.

Бортсерік мамандығы – әлемдегі мәртебелі мамандықтардың бірі. Бортсерік ұшақ бортындағы жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, сонымен қатар, дүниежүзілік стандарттарға сай үздік қызмет көрсетуге жауапты. Алайда, өзінің жоғары жауапкершілігі мен күрделілігіне қарамастан, бортсерік жұмысы өте қызықты.

Егер сіз авиация саласынан тұрақты және келешегі бар жұмыс іздесеңіз және төменде келтірілеген «Бортсерік» мамандығына қойылатын талаптардың барлығына сай болсаңыз, мына әрекетті орындауыңыз қажет: 

1. «Бортсеріктер» бөліміндегі тіркеуден өту;

2. Сұқбаттасу күнін таңдап, өтініш беру.

Нұсқау:

Егер сіз Алматы қаласында жұмыс істегіңіз келсе, «Бортсерік ALA» опциясын таңдаңыз.

Егер сіз Астана қаласында жұмыс істегіңіз келсе, «Бортсерік TSE» опциясын таңдаңыз.

Үміткерге қойылатын талаптар:

Қазақ тілін білу; Ағылшын тілін жетік білу; Қытай және түрік тілдерін білу абзал; Қызмет көрсету саласындағы еңбек тәжірибесінің болуы абзал; Ер адамның бойы 170 см-ден кем емес, әйел адамның бойы 165 см-ден кем емес; Келбеті сымбатты; Ерлер үшін әскери билетінің болуы қажет;  Қазақстан Республикасының азаматтығы. 

Ескерту:

Жеке сұқбаттасудан өтпеген үміткерлердің 6 айдан кейін қайтадан конкурсқа қатысу мүмкіндігі бар.

Қызметкерлерді басқару департаменті сұқбаттасуға жібермеу немесе шеттеу құқығын өз еркінде қалдырады. 

Сұқбаттасу өтетін мекенжай:  Алматы қ-сы, Огарев к-сі, 55, «Экипаж» қонақ үйі, 1 қабат.

Сайт: www.airastana.com

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай

Сурет: livejournal.com