- Негізгі бет
- Хабарландыру
- ЭКСПО-2017 журналистерді тренингке...
ЭКСПО-2017 журналистерді тренингке шақырады
2014 жылғы маусымның 2-сінен бастап аймақтық БАҚ өкілдері үшін «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ бастамасымен «Журналистерге арналған мультимедиа» оқу тренингтері басталады. Белгілі қазақстандық медиа-бапкерлер Ержан Сүлейменов, Ольга Каплина, Кәмилә Жүсіпова және Гүлім Әмірханова заманауи мультимедиалық технологияларды жұмыста қалай қолдану керектігін журналистерге іс жүзінде көрсетеді.
«Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ Баспасөз қызметінің жетекшісі Айгүл Мүкейдің айтуынша: «Мультимедиалық технологиялар ықпалының өмірімізге дендеп еніп бара жатқанын бәріміз көріп жүрміз. Бәсекеге қабілетті болу, әрқашан назарда жүру журналист үшін өте маңызды, сондықтан осы технологияларды күнделікті жұмыста қолдануды үйрену керек, олардың көмегі арқылы көштен қалмай қимылдап, үлкен аудиторияларды игеруге болады».
Медиа-бапкер Ольга Каплинаның айтуы бойынша, «жаңа технологиялардың дамуы журналист жұмысын өзгертеді. Журналист интернеттен қажет ақпаратын тез таба білуі керек. Кейіпкер табу мен тақырып талқылауда әлеуметтік желілерді қолдана білуі қажет. Материал дайындау барысында қолданушыларды ортақ жұмысқа тарта білуі керек. Сонымен қатар, журналист қолданушылар материалды тез тауып ала алатындай негізгі сөздерді қатыстырып жаза білуі қажет».
Тренингтер Қостанай, Павлодар, Атырау, Ақтау, Өскемен, Ақтөбе, Талдықорған, Қызылорда, Шымкент, Қарағанды қалаларында өтеді.
Бапкерлер жайлы мәлімет:
Ержан Сүлейменов - «Zakon.kz» АА бас редакторы, блогшы, «Медиа Стандарттар институты» ҚҚ эксперті, ТВ-өндірісі, интернет қолдау, PR кампаниялар жасау бойынша кеңесші. Оның еншісінде ТВ жаңалықтар мен деректі кино өндірісі бойынша 50-ден астам медиа тренинг, корпоративтік клиенттер үшін 50-ден астам тренинг, жаңа технологиялар мен блоггинг бойынша 20-дан астам тренинг бар.
Ольга Каплина – E-event.kz ақпараттық агенттігінің директоры. Медиабапкер, медиаменеджер, жобалар менеджері, продюсер, редактор, журналист, блогшы, пікірталастар модераторы. «БАҚ-пен байланыс», «Көпшілікке сөйлеу», «Баспасөз қызметі жұмысы», «PR-қызмет жұмысындағы мультимедиа», «Интернеттегі жеке брендинг», «Әлеуметтік медиадағы насихат» тақырыптарында 200-ден астам тренинг өткізді.
Кәмилә Жүсіпова - медиатренер, блогшы, телерадиожүргізуші. 10 жылдан астам қазақстандық телевизияда жұмыс істеді. Интернет-қолдау, инфографика жасау бойынша оқу семинарларынан өткен.
Гүлім Әмірханова - медиатренер, «Best-app.ru» оқыту медиа жобасының авторы және редакторы, «Интерактивтік қоғамдастық» жобасының кеңесшісі, ашық платформалардағы сайттардың жасаушысы. Тележурналистика бойынша түрлі оқу семинарларынан өткен.
Тренинг өткізу кестесі:
2 маусым - Қостанай, Павлодар, Атырау
3 маусым – Ақтау
4 маусым - Өскемен
5 маусым – Ақтөбе
6 маусым – Талдықорған
12 маусым - Қызылорда
13 маусым - Шымкент
19 маусым - Қарағанды.
Қосымша сұрақтар бойынша «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы» АҚ баспасөз қызметіне хабарласуларыңызға болады.
Тел.: +7 (7172) 91 94 63, e-mail: pressa@expo2017astana.kz, www.expo2017astana.com
Дайындаған: Мейіргүл Оңғарова
Сурет: Massaget.kz
Р. Роза