Чикаго Университетіндегі Стиглер журналистер орталығы жас журналистерді тәжірибеден тегін өтуге шақырады. Бағдарламаға кез келген медиа саласында еңбек етіп жүрген тілшілер тапсыра алады.
12 аптаға созылатын оқыту бағдарламасы 2018 жылы наурыз айында басталады. Таңдап алынған жас мамандар бизнес саласында ақпарат берудің әдістерін үйреніп, аудит сабақтарын алады.
Бағдарламаға кім тапсыра алады?
Бұл бағдарлама журналистика саласындағы кәсіби жолын енді бастап келе жатқан мамандарға арналған. Олардың ағылшын тілін білу біліктілігі жоғары деңгейде болуы керек.
Бағдарламаның тиімді тұстары
- Университет тарапынан Чикагоға ұшу билеті мен виза алу жарнасы төленеді;
- Тәжірибе барысындағы әртүрлі шығындарды көтеруге әрбір студентке $12 000 бөлінеді;
- Бизнес саласын тереңдетіп оқытатын тегін курстар;
- Университетте болатын семинарлар мен практикалық іс-шараларға тегін қатысу;
- ProMarket платформасында блог жазу мүмкіндігі.
Бағдарламаның мерзімі
- 1 тамыз 2017 жыл: Өтініш білдіру ашылды
- 23 қазан 2017 жыл: Өтініш беру аяқталады
- 6-17 қараша 2017 жыл: Skype арқылы сұқбат
- 11 желтоқсан 2017 жыл: Бағдарламаға қатысушылар тізімі жарияланады
- 19 наурыз 2018 жыл: Бағдарлама басталады
- 9 маусым 2017 жыл: Бағдарлама аяқталады
Бағдарламаға қатысу үшін қажетті құжаттар:
- Резюме (CV)
- Екі ұсыным хат
- Медиа контентте жарияланған үш мақаланың көшірмесі. Егер мақалалар ағылшын тілінде болмаса, оның аудармасын жасап, редакцияның ресми мақұлдауымен жіберілуі тиіс.
- Не үшін осы жобаға қатысқысы келетіні және мұнда қандай тәжірибе игеретіні туралы эссе (500 сөз)
Бағдарлама аясында айналысқысы келетін жобалар туралы (300-500 сөз)
- Ағылшын тілі ана тілі болмаған азаматтар тіл білу біліктігін дәлелдейтін сертификат ұсынуы тиіс (IELTS/TOEFL).
Бағдарламаға жіберуге тиіс құжаттарға қатысты қосымша ақпараттарды мына сілтемеден алыңыз. Ал өтініш білдіруді мұнда онлайн жасау қарастырылған.
АҚШ-та тәжірибе арттыру мүмкіндігін көбіне коммерциялық емес ұйымдар ұсынады. Ал мына бағдарлама барлық шығындарды өз мойнына алып отыр. Сол үшін тәжірибе арттырғыңыз келсе, мүмкіндікті жіберіп алмаңыз.