24 шілде, яғни бүгін Жер шарынбес балдық шкала бойынша G1 бірінші дәрежелі магниттік дауылорап алады.Ғалымдардың мәліметіне қарағанда, дауыл Астана уақытымен таңғы 9:00-де басталып түске дейін белсенді жүреді. Мұндай дауылдар энергетикалық жүйелерде әлсіз ауытқуларға, ғарыштық құрылғыларды басқару кезінде мәселелер тудыруға себеп болуы мүмкін. Астрономдардың хабарлауынша, бұрынғы магниттік дауылдар 20 сәуір, 6 мамыр, 2 маусым және 28 маусым күндері болған. Бұлардың ішіндегі ең күштісі және ең белсендісі 20 сәуір күні болған магниттік дауыл екен. Магниттік дауылдың адам ағзасына тигізетін әсеріне тоқталатын болсақ, дені сау адамдарға бұл үдеріс аса байқалмауы мүмкін. Дегенмен лейкимия немесе анемиямен ауыратын адамдар біршама зардап шегеді. Яғни адамның қанындағы лейкоциттер белгілі бір цикл өткен кезде соған сай келмей қалады. Магниттік дауыл көбінесе денсаулық жағдайы ауа райына байланысты өзгеретін, жүрек-қантамырлары жүйесі ауыратын адамдарға кері әсер етеді. Магниттік дауыл кезінде мұндай адамдардың басы айналып, жүрегі айнып немесе қан қысымы төмендеп кетуі мүмкін.