- Негізгі бет
- Хабарландыру
- «Болашақ» бағдарламасы бойынша...
«Болашақ» бағдарламасы бойынша құжаттарды қабылдаудың екінші кезеңі басталды
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 10 ақпандағы № 141 бұйрығына сәйкес 2016 жылғы 13 маусымнан бастап 29 шілдені қоса алғандағы кезеңде «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдаудың екінші кезеңі өткізіледі.
Стипендия «Магистратура», «Докторантура», «Резидентура» және «Тағылымдама» бағдарламалары бойынша тағайындалады, деп жазады bolashak.gov.kz. Құжаттарды Астана қ., Орынбор көш., 4-үй, «Алтын орда» бизнес орталығы мекенжайына, сондай-ақ халыққа қызмет көрсету орталықтары және «электронды үкімет» порталы арқылы тапсыруға болады. «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау үш кезеңде жүргізілетіндігін еске саламыз, атап айтқанда: бірінші – 11 сәуірден 13 мамырды қоса алған кезең; екінші – 13 маусымнан 29 шілдені қоса алғандағы кезең; үшінші – 15 тамыздан 30 қыркүйекті қоса алғандағы кезең.
Дереккөз: 24.kz
Е. Жұмабайұлы