Қызметті онлайн алу 1. Порталдаавторланужәне Қызметті онлайн алу батырмасы бойынша өту.2. Өтінімді толтыру жәнеЭЦҚқол қою (электрондық цифрлық қолтаңбамен). Өтінімде әкесінің немесе шешесінің ЖСН, баланың ЖСН және Қазпочтада, Халық Банкі АҚ-нда немесе Қазкоммерцбанк АҚ-нда ашылған жеке есепшоттың нөмірін (IBAN) мәліметтерді көрсету.Ескерту:Дербес шот өтініш берушінің атына ашық болуы тиіс3. Жеке кабинетте (Қызметтерді алу тарихы тарауында) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін бала тууға жәрдемақы тағайындау туралы хабарламамен танысу. Хабарлама 7 жұмыс күні ішінде келіп түседі. *Электрондық қызмет бала тууға және бала күтіміне жәрдемақы тағайындауға қатысты көрсетіледі. Қызметті баланың тууы туралы жазба актісі 2007 жылғы 13 тамыздан бастап жазылған, сондай-ақ 2008 жылғы 1 маусымнан бастап некеге отырған азаматтар қолдана алады. Қызметті Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ алу(қажетті құжаттар): 1. Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат.2. Баланың (балалардың) туу туралы куәлігі (куәліктері) немесе туу туралы актілік жазбадан үзінді көшірме.3. Балаға қорғаншылық (қамқоршылық) белгіленген жағдайда балаға қорғаншылық (қамқоршылық) белгілеуді немесе бала асырап алуды растайтын құжат.4. Көрсетілетін қызметті алушының деректері баланың туу туралы куәлігіндегі деректермен сәйкес келмеген жағдайда неке қию (некені бұзу) туралы куәлік.5. Өтінішті және қажетті құжаттарды үшінші адам берген жағдайда сенімхат ұсынады. egov.kz