- Негізгі бет
- Хабарландыру
- Астанада 4-5 қазанда...
Астанада 4-5 қазанда жәрмеңке өтеді
Алдағы демалыс күндері қалалық әкімдік алдындағы алаңда дәстүрлі ауыл шаруашылық жәрмеңкесі өткізіледі. Сенбі және жексенбі күндері (4-5 қазанда) елорда тұрғындары мен қонақтарына Қарағанды және Ақтөбе облыстарының тауар өндірушілері келеді.
Биыл ауыл шаруашылық жәрмеңкелері 20 қыркүйекте басталып, 2 қарашаға дейін жалғасады. Астанаға бірінші болып Алматы облысының ауыл шаруашылық өнімдерін өндірушілер келді. Олар жәрмеңкеде 450 тонна өнімнің 50 астам түрін сатылымға шығарды.
Әрбір өңір жәрмеңкеде өзін жақсы қырынан көрсетуге тырысады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, жәрмеңке өткізудің басты мақсаты сауда емес, мерекелік көңіл-күй мен еліміздің түрлі өңірінде тұрып жатқан қазақстандықтарды біріктіру болып табылады.
Ақпарат көзі: astana.gov.kz
Дайындаған: Шаттық Қали
Сурет: astana.gov.kz
М. Оңғарова