- Негізгі бет
- Хабарландыру
- Алматыда «Таңжарық оқулары»...
Алматыда «Таңжарық оқулары» өтеді
2016 жылы сәуірдің 19 күні Қазақ Мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде Алматы қаласындағы ЖОО студенттері арасында «Осы таң кімнің таңы?» атты дәстүрлі Таңжарық оқулары өтеді. Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай өткізілетін шара Алаш ұранды әдебиеттің белді өкілі, ұлт қайраткері, ақын-ағартушы Таңжарық Жолдыұлының өмірі мен шығармашылығын жас ұрпаққа кең көлемде насихаттауды мақсат етеді.
Таңжарық Жолдыұлы – Алаш идеясын қытайдағы қазақтарға насихаттап, халықты оятқан қайраткер тұлға. 1934-1935 ж.ж. Құлжада алғаш қазақ газетін шығарып, редакторы болды. Тұңғыш қазақ театрын ашып «Шұғаның белгісі» қойылымын қойып, өзі басты рөлді ойнады. Мектептер ашып, ағарту ісін жандандырды. Ұлтты оятқан іс-әрекеті мен шығармалары билеушілерге ұнамай, екі мәрте түрмеге қамалды. Адам айтқысыз азаптауды көрсе де мойымай өр рухты өлең, толғау, дастан, әндер жазды. Дені бүгінгі ұрпаққа жетті. Ақын шығармалары арқылы қытайдағы қазақтардың өткен ғасырдағы саяси-әлеуметтік өмірі, қиын-қыстауға толы тауқыметті тарихы, мәдениеті мен өнері туралы біршама құнды мағұлмат алуға болады. Ақынның өмірі мен еңбектері жайлы көптеген зерттеушілердің жақсы пікірлері бар.
Ұлт қайраткерінің өнегелі өмірі мен шабытты шығармашылығын кең көлемде насихаттау мақсатында «Халықаралық Таңжарық зерттеу қоғамдық қоры» құрылды. Жастар арасында жыл сайын дәстүрлі түрде өткізілетін кезекті Таңжарық оқуларында аталған қордың тұсауы кесіледі. Ақын өмірі мен еңбектері төңірегінде студенттердің көзқарасы пен пікірі тыңдалады. Жастар ақын өлеңдерін мәнерлеп оқып, сұраққа жауап беру арқылы сынға түсіп бақ сынайды. Игі шараға есімі елге белгілі әдебиетші, зерттеуші, ақын, жазушы, журналистер және оқытушы, студенттер қатысады. Танымал әншілер Таңжарық әндері мен толғауларын орындайды.
Шараның өтетін уақыты: 19.04.2016. Сағат: 15:00
Мекен-жайы: Алматы қаласы, Гоголь көшесі, 114. 1- ғимарат, конференция залы.
Байланыс телефондары: 233-19-31, 8-701-148-20-10, 8775 99 66 485 Жарқын
@. @assel_assanova