Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 26 жыл және Aстананың 20 жылдық мерейтойына байланысты Шеру уақыты атты салтанатты шеру өтеді. Алматы қаласы әкімшілігінің қолдауымен Алматы қаласында 23-24 желтоқсанда шеру өтеді. Шеруге қалалық ұйымдар, шығармашылық бірлестік өкілдері, әлеуметтік кәсіпкерлік орталықтар қатысады. Алғашқы шерудің арақашықтығы ұзақ емес, бірақ, өзіндік мәнге ие. Абай атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театры еліміздің мәдени астанасы Алматының символы ретінде старт алаңы болса, соңғы нүкте биыл 20 жасқа толғалы отырған еліміздің жас астанасының символы Астана алаңы болмақ.Салтанатты шеру сағат 12:00-де Абай атындағы мемлекеттік академиялық опера және балет театрында басталып, Панфилов көшесімен төменге қарай Астана алаңына қарай жылжиды. Шеруді Астананың 20 жылдығына арналған тақырыптық платформа бастайды, артынан қалалық ұйымдар Материнство, Люди с особыми потребностями, Экология, Театр, Дизайн и Арт, Спорт жалғастырады. Шеруге 40-қа жуық жетекші қалалық ұйымдар қатысады. Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтарына арнайы ойындар, квестер, арнайы мастер-класстар мен воркшоптар ұйымдастырылған. Қалалық мерекелер дәстүріне сай түрлі музыкалық топтар өнер көрсетіп, қолөнер жәрмеңкесі, ұлттық тағамдарды да халыққа ұсынады. Шеруге қала тұрғындары да ат салыса алады: шеру барысында рекайслинг стиліндегі үздік костюм жүлдесі өтеді. Ұйымдастырушылар қалалық салтанатты шерудің жаңа форматы тек алматылықтар ғана емес, қала қонақтарының да көңілінен шығады деп үміттенеді. Алматы туристердің назарындағы қалалардың бірі. Бірақ, жаһанданған сандық әлемде қаламыздың көрікті жерлері өзінің танымалдылығын жоғалтып алғандай. Туристерді қаланың өмірі, оның атмосферасы мен тұрғындармен танысу мүмкіндігі қызықтырады. Әлемдегі ірі фестивальдер мен шерулер туристер ағынын көбейтуге септігін тигізеді. Біз де алматылықтар мен қала тұрғындарына ең басты құндылықтарымыз Алматы қаласының жасампаздығын, достық қарым-қатынасын, ашықтығын, қонақжайлығын көрсетуді мақсат тұтып отырмыз, дейді ұйымдастырушылар.