Алматыда "Transit-Trans Kazakhstan" көрмесі өтеді

«Transit-Trans Kazakhstan» көрмесіне жыл сайын 14 елден шамамен 800-1000 компания қатысады. Мұнымен қатар, аталған шараға экономика саласын жетік меңгерген жоғары дәрежелі мамандар ат салысады. Ашылуын Қазақстан Республикасының көлік және коммуникация министрлігі, қала әкімшілігі және тағы да басқа қоғамдық ұйымдар ұйымдастырып отыр. Қатысушылар тізіміне республикамыздың мемлекеттік кәсіпорындары мен логистика және тасымал жұмыстарымен айналысатын отандық компаниялар енеді. Ең алғаш бұл шара 2010 жылы Астана қаласындағы заманауи техникалармен жабдықталған көрме комплексінде өткен болатын.

20-22 мамыр аралығында Атакент көрме орталығында өтетін шараға барамын деушілер келесі сілтеме бойынша билетке тапсырыс бере алады: «Transit-Trans Kazakhstan» көрмесі

Қатысушылар саны: 150

Келушілер: 2997

Мемлекеттер: 13

Өтетін жері: Атакент көрме орталығы

Уақыты: 20-22  мамыр

 

Дайындаған: Нұрбол Нұрмаханұлы

сурет: www.hkkurbads.lv