- Негізгі бет
- Хабарландыру
- Ақымет зерттеулерінің түркітанудағы...
Ақымет зерттеулерінің түркітанудағы өміршеңдігі қахында
А.Б. Салқынбай – филология ғылымдарының докторы, профессор
А. Байтұрсынұлы атындағы Қазақ тіл білімі кафедрасының меңгерушісі
Көрнекті қазақ ғалымы, Ұлт Ұстазы, қоғам қайраткері Ақымет Байтұрсынұлы – қазақ тіл білімінің салалары туралы алғаш қалам тартқан ғалым. Қазақ тіл білімінің теориялық және практикалық тұрғыдан негізін қалап, қазақ тіл білімінің арқауы саналатын грамматикалық құрылымның, ондағы категориялардың нақты ғылыми жүйесін жасаған, дыбыс жүйесінің басты ерекшеліктерін айқындап, сөз қабаттарының сипатын белгілеген.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған "Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі" атты Жолдауында: "Қазақ қоғамында жаңа қағидаттар және жаңа бағдарлар салтанат құруға тиіс. Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы: "Білімді болуға оқу керек. Бай болуға кәсіп керек. Күшті болуға бірлік керек. Осы керектердің жолында жұмыс істеу керек» дейді. Бұл көзқарас бүгінгі күні өте маңызды" деп атап өткен еді.
Осыған орай Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың А. Байтұрсынұлы атындағы Қазақ тіл білімі кафедрасы А. Байтұрсынұлының 150 жылдығына байланысты бірнеше іс-шараларды жүзеге асырды.
- 2022 жылдың 14 сәуірінде «А. Байтұрсынұлы – ұлттың рухани көсемі» атты Халықаралық ғылыми-теориялық конференция өткізіліп, оның жұмысына АҚШ, Түркие, Польша, Өзбекстан, Қырғызстан ғалымдары қатысып, баяндама жасады. Конференция материалдары жинақ болып басылып шықты.
- А. Байтұрсынұлының «Таңдамалы» 3 томдығы ҚазҰУ-дың «Қазақ университеті» баспасынан жарыққа шықты. Бұл басылымның ерекшелігі – қазақ ғылымында тұңғыш рет А. Байтұрсынұлы еңбектерінің факсимилесі мен кирилл таңбасындағы нұсқасы қатар берілді.
- ай сайын А. Байтұрсынұлы онлайн-оқулары ұйымдастырылды. Онда Республикамыздағы Ақыметтанушы ғалымдардың бәрі дерлік дәріс оқыды
- Қазақ тіл білімі кафедрасына А.Байтұрсынұлы есімі берілді.
- Студенттер арасында А. Байтұрсынұлының зерттеулеріне байланыстырылып Республикалық ОЛИМПИАДА ұйымдастырылды. Оған еліміздің 17 университетінің студенттері қатысып, ҚазҰУ, Гумилев атындағы Еуразия университеті, Нәрікбаев университетінің студенттері жеңімпаз атанды.
- А. Байтұрсынұлы еңбектерінің ғылыми және педагогикалық мәнін студенттер арасында насихаттау мақсатында биылғы оқу жылы «филология» мамандығына «Ахметтану» курсы (бакалавриат) және «А. Байтұрсынұлы және тіл ғылымы» - курсы (магистратура) енгізілді.
- 2022 жылдың 18-19 шілде айында Стамбул университетімен бірігіп А.Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына арналып «Түркі жазуы тарихы» атты симпозиум ұйымдастырылды. ҚазҰУ Ректоры Ж.Қ. Түймебаев онлайн баяндама жасады. Стамбул университеті ректоры қатысып, сөз сөйледі. Симпозиумға ҚазҰУ-дан 10 профессор-оқытушы ғалым барып қатысып, жалпы республикадан 60-тан аса ғалым А. Байтұрсынұлы зерттеулері туралы ғылыми баяндама жасады. Симпозиум жұмысына Түркие, Ресей, АҚШ, Еуропа ғалымдары қатысты. Стамбул университеті сайттарында конференция туралы кеңінен ақпарат берілді.
- Қыркүйек 5-10 күндері А. Байтұрсынұлының туған күніне орайластырылып «А.Байтұрсынұлы және тіл тағылымы» атты республикалық форум ұйымдастырылды.
А.Байтұрсынұлының өмірі мен қоғамдық қызметі, еңбектері жайында ғылыми мақала жазу бөлімі бойынша жүлделі орын алған студенттерге ҚазҰУ-дан бір стипендия көлемінде сыйақы берілді:
1-орын – Қадыржанова Жансая Қадыржанқызы (ҚазҰУ)
2-орын – Шакенова Меруерт Жубановна (ҚазҰУ)
3-орын – Махамбет Айдана (А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты)
«Ұлттың рухани көсемі» тақырыбында эссе жазу бөлімі бойынша:
1-орын – Есекеш Айназ Темыржанқызы (ҚазҰУ)
2-орын – Мамытова Аяулы Айбекқызы (ҚазҰУ)
3-орын – Махамбетов Қалдыбек Ибрагимұлы (ҚазҰУ, физика-техникалық факультет)
А.Байтұрсынұлына арналған көркем шығарма жазу бөлімі бойынша:
1-орын – Рамаш Еркежан Нұрланқызы – (ҚазҰУ)
2-орын – Төлеу Айжан Күмісбекқызы (Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті)
3-орын – Ильяс Мерей Сырманқызы (ҚазҰУ)
- Республикалық көлемде «А. Байтұрсынұлы және тіл тағылымы» атты 72 сағаттық ғылыми-әдістемелік онлайн-оффлайн семинар ұйымдастырылды, сертификат берілді.
- Ақымет оқулары жалғастырылып, онлайн-оффлайн форматта ашық дәрістер оқылды.
- А. Байтұрсынұлы шығармашылығына қатысты бірнеше дөңгелек үстелдер ұйымдастырылды.
- А. Байтұрсынұлының жиен немересі А. Байсаловамен кездесу ұйымдастырылып, Ақымет Байтұрсынұлы ұрпағы қолданған күйсандық университет музейіне табысталды.
Бұл туралы ақпарат Республикалық басылымдарда жарияланды.
- ҚазҰУ музейінде А. Байтұрсынұлы өмірі мен шығармашылығына арналған арнайы көрме ұйымдастырылды. Оған университет студенттері мен шетелдік қонақтар арнайы шақырылды.
- Өзбек, қырғыз, қарақалпақ, түрік ғалымдарымен бірге «А. Байтұрсынұлы және түркі әлемі» атты Қырғызстанда (Ыстықкөлде), Қарақалпақстанда (Нөкісте-онлайн), Өзбекстанда (ТашГУ-де) халықаралық ғылыми семинарлар, дәрістер ұйымдастырылды (тамыз-қазан). А. Байтұрсынұлы еңбегінің әлемдік кеңістіктегі орны туралы профессор А. Салқынбай баяндама жасады.
Ұлттық кітапханада, Балалар кітапханасында, Зағиптарға арналған кітапханаларда, мектептерде болған А. Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған ғылыми конференциялар мен дөңгелек үстер жұмыстарына қатысып, ғылыми баяндамалар жасалды (проф. Салқынбай, проф. О. Жұбай).
Осылайша, Әл-Фараби университеті А. Байтұрсынұлы атындағы Қазақ тіл білімі кафедрасының ұжымы өз мүмкіндіктеріне қарай А. Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына үлесін қосты. А. Байтұрсынұлы ғылыми зерттеулерінің маңызы мен өміршеңдігін жастар арасында, студенттер арасында насихаттап қана қоймай, Ұлт ұстазының ғылыми еңбектерінің таңдамалы жинағын факсимилесімен қосып шығарып (3 том), болашақ зерттеушілерге жол ашты, еңбектерін ғылыми тұрғыдан зерделеп мақалалар жазды, конференциялар ұйымдастырды, Ақымет реформалаған төте жазуды бірнеше лек тегін оқыту курстарын ашты. Мұның бәрі Ақымет аңсаған «ертең үшін».
О. Сансызбай