BI Group компаниясы жаңа әлеуметтік жоба бастады

BI Group компаниясы жаңа әлеуметтік жоба бастады
Фото: bi-group.kz

Еліміздегі жылжымайтын мүлік нарығындағы танымал көшбасшы компаниялардың бірі – BI Group жаңа әлеуметтік жоба бастады. Cондай-ақ бұл жобаға "Жұлдыз FM" радиосы мен "Массагет" порталы да басты серіктес болып табылады. 

«BI Group-тан мамандыққа ие бол» атты жобаның мақсаты – құрылысшы мамандардың бейімділігін арттырып, жұмысшы мамандығына қоғам назарын аудару. Әлеуметтік жоба әсіресе дарынды ауыл жастарына Қазақстандағы ең ірі құрылыс компаниясынан жұмыс орны мен мамандық алуға мүмкіндік береді. 

Компания өз бизнесінің әлеуметтік міндетінің жауапкершілігі аясында түрлі жобалар ұйымдастырып келеді. Өткен жылы BI Group «Парыз» әлеуметтік жауапкершілік байқауында "Әлеуметтік жауапкершілігі жоғары кәсіпорындар үздігі" атағын алды. 2016 жылдың өзінде әлеуметтік-қайырымдылық жобаларға 10 миллион АҚШ доллары жұмсалды. Оған "BI-Жұлдызай" корпоративтік қайырымдылық қорының аясында арнайы қамқорлықты қажет ететін балаларға қолдау білдіру жобалары кіреді. 

Жас мамандарды дайындау - BI Group әлеуметтік жауапкершілігінің маңызды бағыттарының бірі. Жыл сайын компанияның корпоративті университетінде қызметкерлерді біліктілігін арттыру жұмыстары жүргізіледі. Бұған серіктестер мен мердігерлік компанияларды да жұмылдырылып жатыр. 

2012 жылдан бері Корпоративті Университетте Қазақстандағы ЖОО-ның студенттері мен түлектеріне бағытталған жас мамандарды дайындау бағдарламасы жұмыс істеп келеді.

Жаңадан қолға алынып отырған «BI Group-тан мамандыққа ие бол» атты әлеуметтік жобаға 18-ден 25 жас аралығындағы Қазақстан азаматтары қатыса алады. Үміткерлер неге құрылыс маманы болғысы келетіні туралы қысқаша эссе жазуы тиіс (2 беттен көп емес, А4 форматы).

Өтініштер bigproject@bi-group.org электрондық поштасы арқылы қабылданады. Сонымен қатар, 8 771 505 11 65 телефоны арқылы (жұмыс күндері 9.00-ден 18.00-ге дейін) хабарласуларыңызға да болады.

Өтініштер 22 тамыздан 22 қыркүйек аралығында қабылданады. 

Бірінші кезеңде байқаудың қазылар алқасы үздік эссе авторларын таңдайды. Жеңімпаздар компанияның Корпоративтік университетінен 1 айлық оқытудан өтеді. 

Бір айдан кейін байқаудың екінші кезеңі өтеді. Оқытудың нәтижесі бойынша емтихан тапсырады. Емтиханды сәтті тапсырғандар арнайы жастар бригадасына кіріп, компанияның жобаларында жұмыс жасайтын болады. 

Жылдан-жылға қарыштап дамып келе жатқан елордамыз – Астанада құрылыс мамандығы жоғары сұранысқа ие. Олай болса мүмкіндікті жіберіп алмаңыз!

О. Сансызбай