«Хабар» телеарнасында «Тікелей эфир. Ләйлә Сұлтанқызымен» жобасының тұсауы кесілді. Көрермен мен кейіпкерлердің арасын жақындата түскен ток-шоу – қоғамдағы өзекті һәм қызықты тақырыптарды қозғайды. Түсірілім тікелей эфирде болғандықтан, «көк жәшіктің» арғы жағында отырған адамдар шынайы эмоцияға куә болады» дейді шығармашылық ұжым.
Түсірілімнің алғашқы күні. Қызу дайындық таңнан басталды. Әрлеуші маман бағдарлама жүргізушісі Ләйлә Сұлтанқызын бояндыру үстінде.
Эфирдегі кадрлардың әдемі, сапалы болуы – операторлардың еңбегі. Камералар қаз қатар тізіліп, сағат тілі 15.00-ді соғуын күтіп тұр.
Салтанатты түрде «қызыл лента» кесу кез келген тұсаукесер рәсімінің дәстүріне айналып кетті. Бұл үрдісті «Тікелей эфирдің» ұжымы да жалғастырды. Жоба басталғанға дейін қызыл лентаны дайындау барысы.
«Тікелей эфир» алдында Ләйлә Сұлтанқызымен тікелей эфир. «Хабар» телеарнасының Инстаграмдағы «KhabarTV» парақшасында көрермендермен онлайн-сұхбат жүргізілді.
Ләйлә ханым тікелей трансляцияға өзінің ұялы телефоны арқылы да шығып отырған сәт. Таңдауы неге «Хабар» арнасына түскендігі, отбасындағы қарым-қатынасы және болашақ жобалары жайлы оқырмандарымен бөлісті. Егер, сіздің де сұрағыныз болса, «Хабар» телеарнасының әлеуметік парақшаларына қосылып, жолдаңыз.
Соңғы дайындық.
«Тікелей эфир» қоғамда болып жатқан өзекті мәселелер мен оқиғалардың басын ашатын бағдарлама. Көмекке мұқтаж адамдарға сарапшы мамандар жәрдемдеседі. Ал, өнер жұлдыздары жеке өмірінің құпияларын ашып, студияға қонырау шалған адамдардың қитұрқы сұрақтарына жауап береді» - деп сұхбат беруде Ләйлә Сұлтанқызы.
Жобаның алғашқы бөлімі «жыл тойларына» арналды. Батыстық трендтерге еріп, біздің жұлдыздар да жасырын той өткізуді сәнге айналдырып отыр. Қонаққа келген Ернар Айдар тойына қанша қаражат жұмсағанын, Маржан Арапбаеваға қанша «қалың мал» төленгені, сондай-ақ Ақбота Керімбекова, енді неге Керімбекова емес деген сұрақтарға жауап берілді.
Бір жылатып, бір күлдірген ток-шоудың бүгінгі саны қызықтарға толы болды. Ернар Айдар, жақында, басынан өткен қиындықтарды баяндап, көңілі босап қалды.
Бұрын сонды болмаған трио. Бағдарлама соңында әншілер аяқ асты ән таңдап, бірге шырқады.
Сонымен, «Тікелей эфир» жобасын сейсенбіден жұма аралығында сағат 15.00-де «Хабар» арнасынан немесе https://khabar.kz/kz/zhoba-turaly-tikelej-efir сілтемесі арқылы тамашалаңыздар.