- Негізгі бет
- Хабар агенттігі
- Қазақстандағы құрылыс нарығы:...
Қазақстандағы құрылыс нарығы: пәтерлі болудың жолдары
Бүгінгі таңда көптеген қазақстандықтарды үй алу мәселесі толғандырады. Ал нарықтағы жағдай қалай, жас отбасылардың баспанаға ие болу мүмкіндігі қаншалықты? Бұл сауалдардың барлығына «Хабар 24» арнасындағы «Құрылыс нарығы» бағдарламасы жауап іздейді.
10 минуттық бағдарлама, аты айтып тұрғандай, құрылыс саласын зерттейді. «Хабар 24» арнасында бұған дейін шыққан «Құрылыс жобасынан» өзгешелігі енді эфирде жүргізуші болмайды. Жоба барысында сала мамандары бір-бірімен кездесіп, туындаған сауалдың шешімін табуға көмектеседі. «Бірінші бағдарламада Астана қаласындағы үйлердің шаршы метрі 19 мың теңгеге арзандағаны талқыланды. Осы мәселе бойынша біздің редакция тілшілері бірнеше сұрақтардың жауабын табуға тырысты. Мысалы, армандаған пәтерлердің бағасы қаншалықты төмендейді? Тұрғын үй бағасына не әсер етеді? Үй құны одан әрі түсе берсе, құрылыс нарығына не болады? Қазақстандықтарды мазалаған басты сұрақ: пәтерлер әр адамға қолжетімді болады ма? Міне, осы сынды көрерменді шын мәнінде қызықтыратын сауалдарға жауап іздеуге тырысамыз», - дейді «Хабар 24» арнасы директорының орынбасары Ольга Горелик.
Бағдарлама аптасына бір рет, қазақ және орыс тілінде шығады. Шығармашылық ұжым тақырыпты дайындау барысында ұзақ әрі тыңғылықты зерттеу жұмыстарын жүргізеді. Себебі құрылыс саласы – еліміздегі ең маңызды салалардың бірі. «Хабар 24» арнасы директорының орынбасары Ольга Гореликтің айтуынша, журналистер ақпаратты түрлі дереккөздерден жинайды екен. «Әдетте, кем дегенде, он ақапарат көзінен алынады. Бұл нарықты зерттейтін институттар, осы саланың сарапшылары, құрылыс компаниялары мен Ассоциациялар, сонымен қатар мемлекеттік қызметкерлер, министрлік өкілдері, әсіресе, қажет ақпаратты дер кезінде беретін Инвестициялар және даму министрлігінің мамандары» - деді ол.
Бағдарламаны көрген көрермендер қойылған сұраққа толық жауап алады. Мысалы, бүгінгі таңда пәтерді жалдау тиімді ме, әлде ипотекаға сатып алған дұрыс па? Инвестицияны қайда салу қолайлы және не үшін? Сонымен бірге қоғамда пәтер алып, оны жалға беру өте пайдалы деген түсінік бар. Бірақ нарықты зерттей келе,салған инвестиция 10 жылдан соң да шығындарды өтемеуі мүмкін екені анықталды. Ең дұрысы, ақшаны депозитте сақтау, пәтерді жөндеу жұмыстары сынды жалдаушыларға кеткен шығындарды есептемегенде, мұндажыл сайынғы пайыздық сыйақы бар. Ал егер инвестор банкке сенбейтін болса, ақшаны коммерциялық мүлікке салған дұрыс. Себебі тәжірибе көрсеткендей, соңғы 15 жылда оған сұраныс бар, - дейді шығармашылық ұжым.
Жоба барысында әлі көптеген тақырыптар қозғалады. Көрермендер «Құрылыс нарығы» бағдарламасын «Хабар 24» арнасынан немесе мына сілтеме арқылы көре алады.
Г. Берік