Әлем картасында тоғызыншы орында тұрған мемлекет үшін көлік саласы аса маңызды. Ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіптың дамуында, Еуропа мен Азияны байланыстыру жолында да дәл осы көлік жүйесі мен логистика айрықша қызмет атқарады. Сол себепті көрерменді толық ақпаратпен қамтамасыз ету үшін «Хабар 24» арнасында «Транспорт және логистика» бағдарламасы жалғасуда.
Эфирге шыққан үш жылда ақпараттық-сараптамалық бағдарламада Қазақстанның көлік және логистика саласында жеткен жетістіктері, сондай-ақ алдағы жоспарлар мен мақсаттар туралы сөз етіп келеді. «Бұл тұтынушылар мен сатып алушылар, өндірушілер мен көлік және логистика саласында қызмет ететін адамдар үшін ой бөлісетін алаңға айналды. Сонымен қатар өз өнімдерін таныстыру, таныту, толығырақ айтып беру, техниканың нақты жетістіктері мен түрлері туралы түсіндіруге, өнімді тиімді бағада сатып алу мүмкіндіктері туралы айтылатын жалғыз бағдарлама», - дейді «Хабар 24» арнасы директорының орынбасары Ольга Горелик.
Жобаның әр бөлімі белгілі бір көлік түріне арналады. Мысалы, теміржол. Бұл сала ел экономикасын дамытуда басты роль ойнап, жолаушылар мен жүктерді тасымалдаудың негізгі бөлігін атқару арқылы мемлекеттің транспорттық жүйесінің негізі болып табылады. Шығармашылық ұжым поездардың қалай жасалатындығынан бастап, вокзал құрылысы, оны салу барысында қанша мың тонна металл конструкциясы жұмсалады, ғимаратта күніне неше мың адамға қызмет көрсету жоспарланған, пойыздарды межелеген жеріне қауіпсіз әрі уақытылы жеткізу, отандық шойын жол индустриясы, жолсеріктер мен оларды дайындайтын оқу мекемелері туралы, жалпы теміржол саласын жан-жақты зерттейді.
«Біздің журналистер тақырыпқа байланысты зауыт, фабрикаларға барып, техникалардың қалай жасалатындығымен танысады. Егер бұл салынып жатқан жолға, құрылыс мекемелеріне қатысты болса, оқиға орнынан репортжа жасайды. Менің ойымша хабарды көрген адам транспорт және логистика туралы толыққанды мағлұмат алады», - деп ойын толықтыра кетті «Хабар 24» арнасы директорының орынбасары Ольга Горелик.
Олай болса еліміздің танзиттік әлеуеті туралы апта сайын «Транспорт және логистика» хабарынан немесе мына сілтеме арқылы көріңіз.