2017 жылдың 6 тамызы күні Radisson Astana қонақ үйінде «Хабар» Агенттігі мен Синьцзянь автономиялық ауданының телевизиясы арасында контент алмасу жөнінде келісім-шарт жасалды. Шараға Қытай делегациясының және «Хабар» Агенттігінің өкілдері, сондай-ақ Агентіктің Басқарма Төрайымы Алмагүл Ахметжанова қатысты.
Аталған келісім-шарт аясында қазақстандық және қытайлық тараптар, серіктестердің дайындаған телеөнімдерін өз эфирінде көрсетуге мүмкіндік алады.
Аталмыш келісімге қол қою жөніндегі алғашқы келіссөздер 2016 жылдың 4 мамыры күні «Хабар» Агенттігі мен Қытай мемлекеттік Комитетінің өкілдері кездескен кезде жүргізілген еді. Өткен жылдағы кездесулердің қорытындысы бойынша «Хабар» Агенттігі Синьцзянь телевизиясына «Тур де Хабар» және «Қайсар жандар» бағдарламасын ұсынса, Синьцзянь телевизиясының өкілдері «Землетрясение, произошедшее в городе Таншане» телехикаясы мен «Убежать из ада» көркем фильмін ұсынды.
Қытай тарапынан келісім-шартқа Синьцзянь телевизиясының орынбасары Хуо Янмин және Орталық комитет Жарнама департаментінің Вице-министрі Туо Жен қол қойды. Агенттік тарапынан келісім-шартқа Басқарма Төрайымының орынбасары Ринат Кертаев қол қойды.