Ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев «Хабар» Агенттігінің тапсырысымен түсіріліп жатқан «Батырлар жолы» телехикаясының түсірілім алаңына арнайы барды.
Министр мен журналистердің назарына Көлсай өзенінің маңында түсіріліп жатқан картинаның ең қызықты сәттері ұсынылды. Сонымен қатар қатысушыларға шығармашылық топтың бұған дейінгі жұмыстары да көрсетілді.
«Елбасының тікелей тапсырысымен біз отандық телехикаялардың санын ұлғайту бойынша жұмыстарды күшейттік.Бұл картиналар әртүрлі жанрда болады, дегенмен бағасын көрермен береді. Осы жылдың күзінен бастап халық тарапынан оң пікірлер мен жақсы әсер болады деген үміттемін. Отбасыға деген махаббат, отбасы құндылықтары, яғни, Президенттің «Мәңгілік Ел» идеясында айтылған құндылықтардың барлығыбасты назарға алынды» - деп ойымен бөлісті Дәурен Абаев.
Туындыда оқиға желісі XVII ғасырдың басында қазақ билері мен сұлтандары өзара тартысып жатқан тұста басталады.
Ел басқарар бір адамның болмауы мен халықтың әлсіздігігінен қазақ жеріне қалмақтар мен ойраттар тарапынан шабуыл көбейді.
Осы қиын-қыстау кезеңдегі батырлардың батылдығы мен ерлігі елдың рухын көтеріп тастайды.
Сонымен қатар картинада мемлекет тұтастығының маңызы, өзара тартыстың соңы жақсылыққа алып бармайтындығы сөз болады.
Телехикая осы жылдың соңында көрсетіледі деп жоспарлануда.