«Хабар» телеарнасында «Биле, Қазақстан!» жобасының екінші маусымы жалғасып жатыр. Мыңдаған бишілердің арасынан үздік жеті жұп анықталып, олар тікелей эфирде бақтарын сынауда. Өнерпаздардың ендігі тағдыры көрерменнің қолында.
Бағдарламаның жүргізушілері – танымал актриса Айсұлу Әзімбаева мен «Алау» тобының солисі Асет Арыстанбеков. Айсұлудың айтуынша би оның өмірінде маңызды орын алады. Ал, «Биле, Қазақстан» жобасы – кәсіби бишілер мен әуесқойлар кездесіп, тәжірибе алмасатын алаң.
«Биле, Қазақстан» жобасының тікелей эфирін Денис Гришунов пен Камила Раxметуллаева ашты. «Ғасырға татитын бір күн» деп аталатын қойылым үшін қазылар алқасы жоғары бағасын берді. «Бишілер сан қырлы, олар өздерін жан жақты көрсете білді» - деді Досжан Табылды.
Бұл жұптағы қызбен жобаның барлық жігіттері билегісі келген. Алайда Омур Асанбековтің жолы болып, сахнада Айсұлу Смағұлбековамен нағыз үйлесімділікті паш етті.
Алексей Ануфриев пен Ксения Гомрекелашвили жұптары жазылмай жүретін жандар. Дайындық кезінде олар бір-біріне қолдау көрсетіп, демеп жүреді. Бүгінгі сайыста олар күзгі махаббат биімен көрерменнің жүрегін жаулаған еді.
Жобаның өзге қатысушылары сияқты, бұл жұпты біріктіретін биге деген махаббат. Бауыржан Сейфуллин мен Евгения Ким хип-хоп жанрында өнер көрсетті.
Руслан Сатқанов пен Гүлнұр Қасымбек ең әсерлі, сезімге толы қойылым көрсетті. Қараңғы шыңыраудан шығу жолдарын би арқылы көрсете білген өнер иелерінің таланты қазылар алқасы мен көрермендерді де таң қалдырғандай.
Дмитрий Ким және Арина Кулагинаның жұбы. Арина шоудың ең кішкентай қатысушы. Оның жасы небәрі 12 жаста. Алайда билегенде ересектерден еш қалыспайды.
Соңғы жұп Ернұр Қарықбол мен Гүлназ Жақыпбек. Олар ер жігіт пен сұлу қыздың махаббат дастанын көрсетті. Хореограф Әлима Молдахметова қазақ биін заманауи элементтермен толықтырған.
Қазылар алқасының құрамында «Астана Опера» театрының солисі Досжан Табылды, «Орда» тобының әншісі Дастан Оразбеков бар. Ал, үшінші төреші «Танцуют все!» (6 маусым) және «Танцы на ТНТ» (1 маусым) сынды би сайыстарының финалисті Алиса Доценко.
Бағдарлама соңында ең аз дауыс жинаған жұп жобамен қош айтысады. Суреттегі бишілер келесі кезеңге өткеніне қуанып, бір-бірін құттықтап тұрған сәті.
Көрермендердің таңдауымен биші қыздардан бірінші болып жобадан Евгения Ким шықса,жігіттердің арасынан Денис Гришуновпен қош айтыстық.
Келесі аптада қандай қызықтар күтіп тұр, финалға кім жетеді, «Биле, Қазақстан!» жобасының екінші маусымында кім жеңеді? Бұл сауалдардың жауабын әр жексенбі «Хабар» арнасынан біле аласыздар. Ал, бұған дейінгі шығарылымдарды көре алмаған көрермен мына сілтеме бойынша өтсе болады.