- Негізгі бет
- Хабар агенттігі
- «Kazakh TV» телеарнасы...
«Kazakh TV» телеарнасы көп арналық хабар таратуға көшеді
16 қарашадан бастап «Kazakh TV» телеарнасы жаңа форматқа – қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде хабар тарататын көп арналық хабар тарату жүйесіне көшеді. Бұл жөнінде «Хабар Агенттігі» АҚ хабарлайды.
Енді, «Kazakh TV-ның» көп арналық сигналы цифрлық телевидениенің абоненттеріне үш тілдің кез келгенінде 100% хабар тарататын дыбыс жолын таңдау мүмкіндігін береді. Тілдерді ауыстыру үшін пульттің көмегімен мәзірден «аудио» бөлімендегі үш тілдің біреуін таңдау қажет. Жаңа форматтағы арнаны Қазақстан аумағында және шет елде тәулік бойы қарауға болады.
Бұрын телеарна елімізде 50% мемлекеттік және 50% орыс тілдерінде, ал халықаралық аренада қазақ және ағылшын тілдерінде хабар таратты. Тілдік блоктар әр 3 сағат сайын ауысып отыратын. Хабар тарату форматын өзгерту –халықаралық теленарықта арнаның бәсекеге қабілеттілігін, сондай-ақ кабельдік және жерсеріктік желі операторларының қызығушылығын арттыруға ықпал ететін, Қазақстанның телевизия саласын дамытудағы жаңа кезең.
Жүз пайыз ағылшын тілінде хабар тарату «Kazakh TV» арнасына шетелдік көрермедер санын ұлғайтуға және әлемді біздің бірегей елімізбен, мәдениетіміз бен тарихымыз, туристік және инвестициялық артықшылықтарымызбен тереңірек таныстыруға мүмкіндік береді.
Бұл жөнінде «Хабар» Агенттігі» АҚ Басқарма Төрайымы Алмагүл Ахметжанова: «Kazakh TV» телеарнасында сан алуан жобалар шығады. Олар Қазақстан туралы білгісі келетін шетелдіктер мен жаңа дүниелерді танып білгісі келетіндер үшін қызық. Біз барлық көрермендерімізге бағдарламаларды кез келген уақытта өзіне ыңғайлы тілде көре алу мүмкіндігін қуана ұсынамыз» деді.
Трансформация үшін техникалық және өндірістік мүмкіндіктер мен қабылдау, сақтау және эфирлік хабар тарату жүйесі жаңғыртылды. «Отау ТВ» желісінде Қазақстан аумағында сигнал таратуға және оны 100-ден астам елді қамтитын жерсеріктерге жеткізуге арналған инфрақұрылым дайындалды.
Г. Берік