Қазір жастар "хайп жасап", өз "вайбымен" өмір сүреді. Бұл сөздердің мәнін бірі түсінсе, енді бірі түсіне бермейді. Тек зумерлер түсінетін cөздер топтамасын ұсынамыз.
Хайп жасау – шу көтеру, танымал болу үшін даулы оқиғаның кейіпкері болу немесе ақылға қонымсыз істер жасау.
Хайп – шу, дау және айқай.
Флекс жасау – хип-хоп ортада әуеннің ырғағымен билеу, қозғалу. Қазір демалу деген мағынада қолданады.
Жиза – қазақ тілінде "өмірлі" деп айтылып жүр. Негізі орыс тіліндегі "жизненно" деген сөзден шыққан. Барлық адамның басынан өткен жағдайларды сипаттау үшін айтады.
Рофл – келеке, сарказм арқылы жеткізілетін әңгіме, видео.
Пруф – дәлел
Хейтер – жиі сынға алатын, ешнәрсе ұнамайтын және әрдайым негативті пікір қалдыратын қолданушы немесе анти-фанат.
Чиллинг – ешнәрсе жасамай демалу немесе кеште көңіл көтеру.
Изи – оп-оңай, еш қиындықсыз.
Треш – негативті эмоциялардың жиынтығы, онша емес көңіл-күй, жағымсыз ақпарат.
Эпик фейл – сәтсіздік, жұрт көзінше масқара болу.
Фидбэк – кері жауап беру, белгілі бір жазбаға адамның реакциясы.
Краш – ұнайтын адам. Краш деп сүйікті актер, әншіні немесе сымбатты қатарласты айтуға болады.
Кринж – ұятты істі айтады.
Крипово – қорқынышты, ақылға қонымсыз.
Рил – "реально" сөзінің қысқарған нұсқасы.
Шейминг – біреуді белгілі бір ерекшелігіне сәйкес ұятқа қалдыру, келеке ету.
Олды – кез келген қозғалыстың алдыңғы буынын айтады. Тіпті, жаңа қосылған жанкүйерлер бұрыннан келе жатқан жанкүйерлерін солай атайды.
Токсик – басқалардың шекарасын сезінбейтін және өз әрекетімен өзгенің ашуына тиіп, көңіл-күйді бұзуы мүмкін адам.
Вайб – біреумен сөйлескенде пайда болатын атмосфера, көңіл-күй, эмоционалдық күй.