- Негізгі бет
- Гуманитарлық ғылымдар
- Заман талабы: Оксфорд...
Заман талабы: Оксфорд сөздігі жаңа тіркестермен толықты
Фото:
vk.com
Оксфорд сөздігі 1 200 жаңа сөз, сөз тіркесі мен фразамен толықтырылды.
Сөздікке жаңадан енгізілгендер қатарында «Baltic» сөзі бар. Ол суық, мұздай деген мағына береді. XIX ғасырдан бері қарай бұл мағынада «Arctic» сөзі қолданылып келген еді, бірақ, қазір Шотландияда «baltic» сөзі кең қолданысқа ие болып жүр.
«Post-truth» («постшындық») сөзі «саяси дискуссиялар мен қоғам пікірін қалыптастыруда объективті фактілерден гөрі жеке тұжырым мен эмоциялардың басым келу жағдайы» деген мағына береді.
Сондай-ақ, сөздікке енген соңғы сөздің бірі — zyzzyva» («зызыва»). Бұл – Оңтүстік Американы мекен ететін тропикалық ұзынтұмсықтылар түрі.
А. Оралқызы