Викториналық сұрақтар #5

Викториналық сұрақтар #5
Фото: stranabolgariya.ru

Викториналық сұрақтардың тесттік нұсқасын орындау арқылы интеллектуалды біліміңізді арттырыңыз.

1. "Банзай" сөзі жапон тілінде қандай мағынаны білдіреді?
A) Күн шығыс ел
B) Көктемнің шуақты күні
C) Балық аулау
D) Жауға төтеп берейік
E) Мың жыл жасаңыз


2. Монғолияның ұлттық валютасы қалай аталады?
А) Бат
В) Иен
С) Монғол доллары
D) Тугрик
Е) Вон


3. Ютландия түбегі қай елдің құрамына кіреді?
А) Норвегия
В) Голландия
С) Дания
D) Финляндия
Е) Ұлыбритания


4. Германияның XVIII-XIX ғасырлардағы атауын табыңыз.
А) Алмания
В) Византия
С) Пенсильвания
D) Нормандия
Е) Пруссия


5. Жүзжылдық соғыс қай жылдар аралығында болды?
А) 1096-1258 ж.ж.
В) 1155-1227 ж.ж.
С) 1337-1453 ж.ж.
D) 1452-1543 ж.ж.
Е) 1200-1291 ж.ж.


6. Жүзжылдық соғыс қай елдер арасында болды?
А) Англия мен Франция
В) Испания мен Англия
С) Франция мен Аустрия-Венгрия
D) Германия мен Франция
Е) Португалия мен Италия


7. БҰҰ штабпәтері қай аралда орналасқан?
А) Калимантан
В) Суматра
С) Хонсю
D) Сингапур
Е) Манхэттен


8. Аңыз бойынша Рем мен Ромулдың әкесі кім?
А) Ганнибал, Карфаген батыры
В) Юпитер, Көне Рим мифологиясындағы найзағай құдайы
С) Эней, Троя батыры
D) Ахилл, Эллада батыры
Е) Александр Македонский, ұлы қолбасшы


9. ЮНЕСКО ұйымының штабпәтері қай қалада орналасқан?
А) Бруссель
В) Париж
С) Лондон
А) Берлин
Е) Женева


10. Суец каналы не үшін қазылған?
А) Теңіз саудасын дамыту үшін
В) Екі құрлықты бөлу үшін
С) Екі теңіздің суын қосу үшін
D) Египетте туризмді дамыту үшін
Е) Ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін


11. Парана өзенінің мұхитқа құятын жері қалай аталады?
А) Ориноко
В) Анхель
С) Дельта
D) Гондурас
Е) Ла-Плата


12. Париж қай өзеннің бойында жатыр?
А) Еділ
В) Тибр
С) Днепр
D) Сена 
Е) Темза


13. Пиреней түбегі қай құрлықта орналасқан?
А) Африка
В) Аустралия
С) Солтүстік Америка
D) Азия
Е) Еуропа


14. Территориясында 150 атом электр станциясы бар елді белгілеңіз.
А) Солтүстік Корея
В) АҚШ
С) Франция
D) Қытай
Е) Бразилия


15. Кембридж студенттер қаласынан ағып өтетін өзенді атаңыз.
А) Северн
В) Темза
С) Бен Невис
D) Кем
Е) Рио-Колорадо


16. Швеция жерінің неше пайызы өңделген?
А) 47%
В) 20%
С) 3%
D) 69%
Е) 14%


17. Ең ұзын параллель сызық қалай аталады?
А) Экватор
В) Меридиан
С) Эквадор
D) Гринвич
Е) Мауна-Лоа


18. Пиреней тауы қай елдер арасында жатыр?
А) Германия мен Бельгия
В) Швейцария мен Италия
С) Испания мен Франция
D) Румыния мен Болгария
Е) Англия мен Шотландия


19. Пелопоннес түбегі қай елдің құрамына кіреді?
А) Аустралия
В) Мексика
С) Индонезия
D) Грекия
Е) Жаңа Зеландия


20. Ұлыбританиядағы ең ұзын өзенді табыңыз?
А) Темза
В) Трент
С) Грейт Уз
D) Северн
Е) Эйвон


Жауаптарды тазарту
Ж. Өрісбай