Викториналық сұрақтар #30

Викториналық сұрақтарды шешіп, өз білім деңгейіңізді анықтап көріңіз. Сәттілік!

1. Ағылшын тіліндегі ең көне сөз
A) pencil
B) flower
C) mirror
D) pig
E) town


2. Александр Македонскийдің бірінші жұбайы
 А) Статира
В)  Парисат
С) Каллик
D) Роксана
Е) Барсина


3. Васко да Гама «Өзені суға емес, сүтке толып ағады» деп сипаттаған ел
А) Америка
В) Испания
С) Үндістан
D) Лиссабон
Е) Багам аралы


4. Коммерциялық компанияның тауарлары мен қызметтерінің тұтынушыларға, компания үшін тиімді сатылуын жүзеге асыратын іс-әрекеттердің жиынтығын қалай айтады?
А) Экономика
В) Сұраныс
С) Талап
D) Менеджмент
Е)  Маркетинг


5. Карл Густав Юнгтің психологиядағы еңбегі
А) Ойлау мен сөйлеудің байланысын тапты
В) Темпераментті ажыратты
С) Психологиялық типті анықтады
D) Мінез түрлерін ажыратты
Е) Қиял мен арманды ажыратты


6. Ежелгі Гректердің ең атақты поэмасы қалай аталады?
А) Одиссей мен Илиада 
В) Рамаяна мен Махабхарата
С) Манас пен Сәметей
D) Алпамыс пен Ер Тарғын
Е) Роланд пен Беовульф


7. «Доллар» сөзі қай тілден енген?
А) Француз тілінен
В) Испан тілінен
С) Ағылшын тілінен
D) Ежелгі үндіс тілінен
Е) Неміс тілінен



8. АҚШ-та тек зейнеткерлер өмір сүретін қала
А) Сан-Бернардино
В) Сан-Хосе
С) Сан-Сити 
D) Сан-Диего
Е) Сан-Антонио


9. 1598-1628 жылдар аралығында қазақ халқын басқарған хан
А) Абылай хан
В) Есім хан
С) Қасым хан
D) Хақназар хан
Е) Тәуке хан


10. Қабанбай батырдың қызы
А) Назым
В) Сүйімбике
С) Есенбике
D) Гаухар 
Е)  Бопай


11. Көкойнақ кімнің тұлпары?
А) Исатай батыр
В) Абылай хан
С) Әбілхайыр
D) Қабанбай батыр
Е) Райымбек батыр


12. 1945 жылдың 6 тамызында болған жағдай
А) Нагасакидағы атом бомбасының жарылысы
В) КСРО жеріндегі атом бомбасының сынағы
С) Ұлы Отан соғысының аяқталуы
D) Хиросимадағы атом бомбасының жарылысы
Е) Үндіқытай соғысының басталуы


13. Кенесары Қасымұлының қарындасы
А) Назым
В) Сүйімбике
С) Есенбике
D) Гаухар
Е) Бопай


14. Қай жылы Медеу мұз айдыны пайдалануға берілді?
А) 1966
В) 1958
С) 1971
D) 1981
Е) 1978


15. Ежелгі атауы Қажы Тархан аталған қазіргі қала 
А) Омбы
В) Түмен
С) Орынбор
D) Астрахань
Е) Петербор


16. 1 мысқал қанша грамм?
А) 500 грамм
В) 750 грамм
С) 400 грамм
D) 300 грамм
Е) 200 грамм


17. Троя соғысының басталуына кім себепші болды?
А) Спарталық Елена
В) Микены билеушісі Агаменнон
С) Итакалық Одиссей
D) Троялық Парис
Е) Зевстің қызы Афродита


18. "Илиада" сөзі қайдан шыққан?
А) Гомердің шын есімі Илиад болған.
В) Еленаның шын есімі Илена болған.
С) Троя қаласының екінші аты "Илион" болған.
D) Спарталық Минелаустың әкесінің аты Илиада болған.
Е) Ахилл інісін Илиад деп атаған.


19. 3 санына құлай берілгендіктен, ғимаратқа кірмей тұрып, үй сыртын үш айналып өтетін данышпан
А) Пифагор
В) Эйнштейн
С) Оппенгеймер
D) Тесла
Е) Эдисон


20. Ең алғаш ағылшын тілінде жарыққа шыққан роман
А) "Шерлок Холмс"
В) "Ромео мен Джульетта"
С) "Джейн Эйр"
D) "Робинзон Крузо"
Е) "Улисс"


Жауаптарды тазарту