Викториналық сұрақтарды тест түрінде орындау арқылы интеллектуалды біліміңізді арттырыңыз.
// =10 && g=15 && g=25 && g 1. Аримаспылар тайпасы қай жерлерді мекендеген?
A) Қазақстанның солтүстік аймағы
B) Сырдарияның төменгі бойы
C) Іле мен Шу өзендерінің бойы
D) Каспий теңізінің шығыс жағалауы
E) Шығыс Қазақстан аумағы
2. Халықаралық ана тілі қай күні атап өтіледі?
А) 11 қыркүйек
В) 10 қазан
С) 17 тамыз
D) 21 ақпан
Е) 30 сәуір
3. Ең алғаш ашылған университет?
А) Лондондағы Кембридж университеті
В) Францияда бой көтерген Монпелье университеті
С) Италияда құрылған Болония университеті
D) Англияда тұрғызылған Оксфорд университеті
Е) Германияда бой көтерген Хайделбергь университеті
4. Гравитропизм деген не?
А) Өсімдіктерге тәжірибе жасау
В) Ағаштарға жарықтың түсуі
С) Гүлдердің тозаңдануы
D) Өсімдіктерге жарық түспеуі
Е) Ағаштардың жоғары қарай өсуі
5. Гурт деген не?
А) Құрт сөзінің ұйғырша атауы
В) Белдіктің атауы
С) Мәнеттің шеткі жиегі
D) Шекара сызығы
Е) Қаламның резеңке бөлігі
6. Ежелгі Грек мифологиясында Горгона Медузаның басын алған кім?
А) Персей
В) Фемида
С) Прометей
D) Аид
Е) Дионис
7. Қазіргі қолданыста жүрген ноталарды жүйелеген кім?
А) Вольфганг Амадей Моцарт
В) Андреас Веркмейстер
С) Джованни Дони
D) Гвидо Ареццо
Е) Людвиг ван Бетховен
8. АҚШ автомобиль өндірісінің астанасы
А) Сан-Хосе
В) Бойсе
С) Детройт
D) Нашвилл
Е) Джексонвилл
9. "Анна Каренина" романындағы ең алғашқы өлім
А) Вронскийдің анасы
В) Пойыз тексерушісі
С) Толғақ кезіндегі Анна
D) Толстой
Е) Вронскийдің тұлпары
10. Нейтхотеп туралы не білесіз?
А) Әлем тарихындағы алғашқы ханым
В) б.з.б. XXІX ғасырдағы Мысыр билеушісі
С) Екі патшаның анасы
D) Перғауын бола алмаған ханым
Е) Мұндай атау жоқ
11. "ЮАГ 12-04" нені білдіреді?
А) Оңтүстік Америкада 1975-1976 жж. аралығында өткен азамат соғысының нөмірі
В) Оңтүстік Америкада 4 желтоқсанда өткен съезд атауы
С) Мультфильмдегі құбыжық Барбидің есімі мен оның сериясы
D) Ю.Гагариннің инициалы және ғарышқа ұшқан күні белгіленген картина
Е) Ю.Гагариннің инициалы және ғарышқа ұшқан күні жазылған көліктің нөмірі
12. «Моби Дик» романындағы кейіпкердің есіміне берілген кофе атауыА) Мокко
В) Gloria Jean’s Coffees (Gloria)
С) Nescafe
D) Starbucks
Е) Jacobs
13. Не үшін Иранда кондуктор автобус ішімен арлы-берлі жүрмей, тура ортада тұрады?
А) Бұл елде кондуктор қызметін мүгедектер атқарады, олар қиналмас үшін әдейі ортада тұрады
В) Кондуктор қызметін терминал атқарады, ол ортада тұрады
С) Мұсылман елі болған соң, ерлер мен әйелдерді екі жаққа бөліп тұрады
D) Кондуктор автобус ішіндегі жеке күркеде отырады
Е) Иранда автобус жүрмейді
14. Пуду деген не?А) Африкадағы жойылып кеткен көне тайпа
В) Б.з.б. ІХ ғасырда жойылып кеткен өлі тіл
С) Әлемдегі ұсақ бұғылар тұқымдасына жататын ең кішкене бұғы
D) Малайзиядағы көне қала
Е) Комикстің жаңа түрі
15. Египет иероглифінде «А» әрпі қандай бейнемен беріледі? А) 1 санымен
В) бұқа
С) сиыр
D) қыран
Е) мысық
16. 90 млн қытайлық азаматтың есімі
А) Чан
В) Сию
С) Ли
D) Тао
Е) Ю
17. Күн сәулесі қандай гормон бөледі?
А) Бақыт гормонын
В) Ультракүлгін
С) Бактерияны жоюшы гормон
D) Эндорфин
Е) Адреналин
18. Израиль елінің президенттігіне ұсынылған данышпан
А) Стивен Хокинг
В) Генри Форд
С) А.Эйнштейн
D) Никола Тесла
Е) Томас Алва Эдисон
19.
Бақыт Министрлігі бар әлемдегі жалғыз мемлекет
А) Қытай
В) Үндістан
С) Бразилия
D) Бутан патшалығы
Е) Малайзия
20. Chanel №5 әтірінің бір флаконын алу үшін не керек?
А) Тыңайтқыштар
В) 1 литр эфир май мен 1000-нан астам жасмин гүлі
С) 1 литр эфир майы мен 12 раушан гүлі
D) 1000-нан астам жасмин гүлі және 12 раушан гүлі
Е) 0,5 литр эфир май, 1000-нан астам жасмин гүлі және 12 раушан гүлі
Жауаптарды тазарту