Викториналық сұрақтар #15

Ертеректе өмір сүрген Сократ "Білімді болғың келсе, алдымен ұстазыңды тыңда. Сосын өздігіңнен білім алуға талпын" деп айтқан екен. Оның бұл сөздерінің жаны бар. Кезекті материалымызда біліміңізді шыңдауға көмектесетін викториналық сұрақтар ұсынуды жөн көрдік. 

// =10 && g=15 && g=25 && g 1. Орыс жазушысы Николай Гогольдің туындысын белгілеңіз.
A) "Біздің заманның қаһарманы"
B) "Мастер және Маргарита"
C) "Тарас Бульба"
D) "Қылмыс пен жаза"
E) "Өлі жандар"


2. Қай облыс Қазақстанның оңтүстік-батысында орналасқан?
А) Батыс Қазақстан облысы
В) Атырау облысы
С) Қостанай облысы
D) Маңғыстау облысы
Е) Ақмола облысы


3. Адамзаттың қиын жұмысын жеңілдететін құрылғылар қалай аталады?
А) Андройд смартфондар
В) Смарт-құрылғылар
С) Жай механизмдер
D) Қосалқы девайстар
Е) Физикалық аппараттар


4. "Вавилон" сөзінің мағынасы қандай?
А) "Аспалы бақтар мекені"
В) "Жеті теңіз империясы"
С) "Мәңгі қамал"
D) "Құдайлар ордасы"
Е) "Құдайға барар қақпа"


5. Физика саласында айтарлықтай еңбек еткен Ампер Андре Мари қай елдің ғалымы?
А) Германия
В) Англия
С) Франция
D) Дания
Е) АҚШ


6. Француз драматургі Мольердің шын есімін белгілеңіз.
А) Жан Батист Поклен
В) Иоганн Кристоф Фридрих фон Поклен
С) Джордж Гордон Мольер
D) Иоганн Фольфганг фон Поклен
Е) Виктор Мари Мольер


7. Гонконг қаласының қазіргі атауын табыңыз.
А) Гаосюн
В) Шанхай
С) Тайбэй
D) Чунсин
Е) Сянган


8. Ағылшын ғалымы Исаак Ньютон қай университетте білім алған?
А) Болон университеті
В) Браун университеті
С) Тринити колледжі (Кембридж)
D) Оксфорд университеті
Е) Сорбонна университеті


9. АҚШ-тың астанасы Вашингтон қаласы қай штатта орналасқан?
А) Алабама штатында
В) Штатта емес, Колумбия округінде орналасқан
С) Вашингтон штатында
А) Нью-Йорк штатында
Е) Массачусетс штатында


10. "Руслан мен Людмила" поэмасының авторы кім?
А) Александр Пушкин
В) Антон Чехов
С) Сергей Беляев
D) Александр Верещагин
Е) Михаил Лермонтов


11. Еуропаның орта ғасырдағы аңыздарына сүйенсек, Роллан қай елдің батыры болады?
А) Аустрия
В) Скандинавия
С) Ұлыбритания
D) Германия
Е) Франция


12. Көне заманның ғалымы Архимед қай қалада өмір сүрген?А) Палермо
В) Афина
С) Рим
D) Сиракуза
Е) Галикарнас


13. Қытай аюы Панданың негізгі қорегін белгілеңіз.А) Жануарлар еті
В) Эфкалипт жапырағы
С) Ағаш қабығы
D) Балық
Е) Бамбук


14. Қозғалтқышты алғаш болып кім ойлап тапқан?
А) Джеймс Уатт, Роберт Стрилинг
В) Карл Густав де Лаваль
С) Дени Папен, Томас Севери
D) Николо Тесла
Е) Рубольф Дизель, Этьен Ленуар


15. Ғылым мен білімнің дамуына демеу болатын халықаралық ұйым қалай аталады?А) UNDP
В) IAEA
С) UNISEF
D) UNESCO
Е) UNASUL


16. Конго елі 1960 жылға дейін қай елдің отары болған?
А) Испания
В) Бельгия
С) Франция
D) Италия
Е) Португалия


17. АҚШ-тың ақша бірлігі ретінде "долларды" бекітуді қай президент ұсынған?
А) Томас Джефферсон
В) Джордж Вашингтон
С) Джон Адамс
D) Авраам Линкольн
Е) Бенджамин Франклин


18. Ең алғашқы банк қай елде құрылған?
А) Канада
В) Швейцария
С) Норвегия
D) Жапония
Е) АҚШ


19. Пан Ги Мун БҰҰ-ның нешінші бас хатшысы?
А) 3-ші
В) 7-ші
С) 5-ші
D) 9-шы
Е) 12-ші


20. Екі мәрте Нобель сыйлығының лауреаты атанған Мария Складовская Кюри қай елде туған?
А) Алжир
В) Мавритания
С) Чехословакия
D) Польша
Е) Болгария


Жауаптарды тазарту