Ғалымдар жүргізген зерттеу жұмыстарының нәтижесіне орай, адам баласы миының небәрі 3%-ын ғана қолданады екен. Ал ғалымдарда бұл көрсеткіш 5%-ға жуықтайды. Демек адам санасының сыйымдылығы біз үшін шексіз деуге болады. Себебі мидың қалған 97%-ын пайдамызға асыру үшін талапты еңбек етуге тиіспіз. Ендеше төмендегі викториналық сұрақтардың көмегімен санамыздың шегін кеңейтейік.
// =10 && g=15 && g=25 && g 1. Уильям Шекспир пьесасында Джулиеттаның жасы қаншада еді?
A) 21
B) 18
C) 16
D) 17
E) 14
2. Көне Мысыр территориясында өркениеттің пайда болуына түрткі болған негізгі фактор не еді?
А) Пирамидалардың құрылуы
В) Суец каналы
С) Македонскийдің шапқыншылығы
D) Ніл өзені
Е) Жануарлардың тропиктік белдеуден субтропикке көшуі
3. Бағанасы жоқ әлемдегі ең ұзын көпір қалай аталады?
А) Алтын Қақпалар (АҚШ)
В) Глейдсвилл (Аустралия)
С) Акаси-Кайке (Жапония)
D) Хамбер (Англия)
Е) Джордж Вашингтон (АҚШ)
4. АҚШ-тың 44-президенті кім?
А) Теодор Рузвельт
В) Авраам Линкольн
С) Джордж Вашингтон
D) Джеймс Монро
Е) Барак Обама
5. Қытайдағы ең ұзын өзенді белгілеңіз.
А) Хуанхэ
В) Салуин
С) Янцзы
D) Инхэ
Е) Трисули
6. "
Гамлет" пьесасының оқиға барысы қай қамалда орын алады?
А) Эльсинур
В) Брандербург
С) Боруссия
D) Блуа
Е) Нойшванштайн
7. Тынық мұхитындағы Галапагос аралдары қай мемлекеттің құрамына кіреді?
А) Колумбия
В) Чили
С) Франция
D) Венесуэла
Е) Эквадор
8. БҰҰ құрылған кезде неше ел ұйымның мүшесі болған еді?
А) 42
В) 25
С) 50
D) 65
Е) 80
9. АҚШ басқармасында либералды билікке ие штаттарды кімдер билейді?
А) Мэр
В) Губернатор
С) Администратор
А) Президент
Е) Бірінші хатшы
10. Қай жануардың терісі ең қалың?
А) Бегемот
В) Шошқа
С) Кит
D) Окапи
Е) Тасбақа
11. АҚШ-тың оңтүстігіндегі Жаңа-Орлеан қаласы қай өзеннің бойында орналасқан?
А) Колорадо
В) Миссури
С) Майами
D) Колумбия
Е) Миссисипи
12. "
Ғарышты бағындыру" саясатын жүргізген КСРО бас хатшысы кім болған?А) Иосиф Сталин
В) Леонид Брежнев
С) Михаил Горбачев
D) Никита Хрущев
Е) Владимир Ленин
13. Қай материал айна шығаратын зауытқа қажет негізгі ресурс болып саналады?А) Топырақ
В) Боксит
С) Құм
D) Тас
Е) Керамзит
14. Болонья Университеті қай елде орналасқан?
А) Франция
В) Жапония
С) Италия
D) АҚШ
Е) Канада
15.
Нуакшот қай елдің астанасы ?А) Мадагаскар
В) Нигерия
С) Сенегал
D) Мавритания
Е) Марокко
16. "Дон Кихот пен Санчо Пансоның" мүсіндері қай қалада орнатылған?
А) Барселона
В) Севилья
С) Мадрид
D) Сарагоса
Е) Малага
17. "
Фиат" маркасымен шығатын көліктер қай елде құрастырылады?
А) Италия
В) Оңтүстік Корея
С) Франция
D) Ұлыбритания
Е) Бразилия
18. Целлюлозаның негізгі өнімі деп нені айтамыз?
А) Пластик
В) Магний
С) Қағаз
D) Мата
Е) Алмаз
19. Ежелгі Мысыр өркениетінде жазу үшін нені қолданған?
А) Қағаз
В) Балшық
С) Тас
D) Папирус
Е) Эвкалипт
20. Пломбир балмұздағы алғаш рет қай елде дайындалған?
А) Нидерланды
В) Швеция
С) Жапония
D) Франция
Е) Шотландия
Жауаптарды тазарту