Халықаралық зерттеуші мамандардан құралған топ Вьетнамның оңтүстігінен кесірткенің жаңа бір түрін тапты. Бір қызығы, ғалымдар бұған дейін дәл осы кесірткелердің тіршілік ететінін білген. Бірақ мамандар оларды Мьянма мен Тайландта тіршілік ететін кесірткемен шатастырып келген көрінеді. Генетикалық анализ жасаған неміс және орыс зерттеушілері кесірткені жеке бір түрге жатқызып, оған Calotes bachae деген ат берді.
Кесірткенің ұзындығы - 10 сантиметр. Оның ерекшелігі ретінде арқасындағы жолақтар саналып отыр. Calotes bachae өзінің түр-түсін хамелеонша тез өзгерте алады. Ал түнде оның түсі қара болғандықтан, ол мүлдем көрінбейді.
Дайындаған: Болат Қосмағамбет
сурет: zhelezyaka.com