- Негізгі бет
- Гуманитарлық ғылымдар
- Ұйықтап жатып арықтауға...
Ұйықтап жатып арықтауға болады - ғалымдар
Америкалық ғалымдар артық қимыл-қозғалыссыз арықтаудың жолын ойлап тапты. Енді май жасушаларының ішіндегі генетикалық ауыстырғыштардың арқасында адамдар түс көріп жатып арықтайды.
Массаучусетс технологиялық институтының ғалымдары тышқанға тәжірибе жүргізген. Олар май жасушаларының ішкі генін өзгерту арқылы метаболизмді жылдамдатқан. Нәтижесінде ағзадағы артық май өздігінен күйген.
Тәжірибе барысында тышқандар салмағының тең жартысын жоғалтқан. Мұнымен қатар, күнделікті жейтін тамағының мөлшері сол қалпында қалып, ешқандай физикалық жаттығулар жасамаған. Тәжірибенің жетекшісі Манолис Келистің айтуынша, тышқандар күндіз-түні арықтаған. Олардың метаболизмі энергия сақтау және калория күйдіру режиміне ауысқан.
Келис бұл тәжірибенің адамдарға да жүргізілгендігін айтты. Олардың бұл жаңалықтары семіздікті емдеу саласында үлкен жетістік болуы мүмкін.
Саутгемптон университетінің ғалымдары физикалық белсенділікті арттыратын заттарды синтездеген. Синтезделген заттардың негізінде жасалатын препарат жаттығу залын алмасатыра алатындай қуатқа ие екен.
Қ. Бүйенбай