Ұйқыға тыныштық жақпайды

Ұйықтар алдындағы әрбір адамның тілегі - құстардың ән салуы мен жанға жайлы тыныштық. Бірақ біз қалайтын тілектер әрқашан өз үдесінен шығып жата бермейді. Оның айқын дәлелі ретінде британдық ғалымдардың осы бір зерттеуін алсақ. Шын мәнінде, көліктердің кептеліп шыққан даусы мен қаланың аза бойынды қаза қылатын у-шуы, даңғаза-даурықпасы сіздің ұйықтап тұруыңызға пайдалы екен. Сенбейсіз бе?

Зерттеушілер сынаққа 8 мыңнан аса адамды шақырып және оларды бірнеше топтарға бөліп, ұйықтап тұруы үшін барлық жағдайды (әр түрлі жағдай) жасап баққан. Сосын белгілі бір уақыттан соң ұйықтап тұрған әр адамнан өзін қалай сезінетінін, қалай ұйықтап тұрғандығын, тағысын басқа толып жатқан сауалдарды көлденең қойып, топ-тобымен жинастырған.  

Нәтижесінде, түсінде құстар ән салған адамдардың ұйқысы орташа есеппен 20 пайызға қиындап, артынша жаман түстер көретін болып шықты. Ал қаланың у-шуымен қосылып ұйықтаған адамдардың түстері 30 пайызға жақсарып шыға келген. Бұл адамдар өздерін ұйқыдан соң жақсы сезінетіндіктерін алға тартқан. Ендігі кезекте тыныштықта ұйықтаған адамдарға келсек, олардың көрсеткіші тіптен жаман болып шығып отыр. Көрген түстері 30 пайызға күрделеніп, жаман түстерге бой алдыра берген.

Хартфордшир университетінің психологы Ричард Вайсманның пікірінше, түске де белгілі бір мөлшерде шу керек екен. Бірақ, ол шуға құстардың әні мен тыныштық жатпайды. Себебі, күндегі күйбең тіршіліктен соң екеуіне адамның үйренісіп кетуі қиын. Ең дұрысы, адамдардың бойы үйренісіп алған қала шуы. Ең дұрысы...

Сурет:funtema.ru

Дайындаған:Фараби Бақыт