Үндістанның белді бір шенеунігі қызметкерлеріне ұрлауға рұқсат берген

Уттар-Прадеш есімді Үндістандағы бір штаттың министрі  қол астындағы қызметкерлерге "аздап ұрлап тұруға" рұқсат берген. Бұл туралы Lenta.ru хабарлап отыр. 

Айта кететін болсақ, Уттар-Прадеш пайдалану құқығына жауап беретін қаланың білдей бір бастығы екен. Ең қызығы осы, "Егер сіздер қолдарыңыз талып жүріп, мансап-мақсаттарыңызға жететін болсаңыздар, онда сіздерге аздап ұрлап тұруға болады. Бірақ, сіздердің іс-әрекеттеріңіз қоғамдық ұрлыққа алып келіп соқтырмаса болғаны" - деп Шивпал Ядав сөз ортасында айта кетіпті.

Ертесіне-ақ білдей бастықтың сөзі Үндістанның БАҚ құралдарына жайылып кеткен. Өз кезегінде Шивпал Ядав жасырын бейнетаспаға түсіріп алған баспасөз қызметкерлеріне деген қара қазандай өкпесі барын жасырмапты. Себебі, орта жасты алқымдап қалған министр ешқандай ұрлық-қарлықты айтпағанын және қызметкерлерді соған қарсы күреске шақырғандығын, жай ғана тілге тиек етіп, мысқылдап айтқанмын деп ақталатын сыңайлы. Оның үстіне Шивпал Ядав штаттың жемқорлыққа қарсы күресу комитетінің ресми мүшесі саналады. 

Әлемдік рейтингке көз жүгіртетін болсақ, Үндістан елі жемқорлық пен парақорлық жағынан әлемдегі 183 елдің ішінде 95-орында тұр. Халқы көп, тұрғыны асып жығылатын елде сарапшылардың сөзіне сенсек, азық-түліктің бағасы қымбаттаған сайын жемқорлық та өрши түседі екен-міс.

Сурет:jaintv.com

Дайындаған: Фараби Бақыт