Өздерін QuadSquad деп атайтын украиналық студенттер тобы ишарат тілін текстке, содан соң дыбыстандырылған сөзге айналдыратын ерекше қолғап ойлап тапты. Бұл өнертабыс EnableTalk деп аталады. Аталған қолғап бірінші кезекте керең-мылқауларға арналған.
Қолғап көптеген сенсорлармен, гироскоптармен, акселерометрлермен сондай-ақ құрылғының жұмыс істеуін қамтамасыз ететін күн батареяларымен жабдықталған. EnableTalk мәліметтерді Bluetooth жүйесі арқылы жіберу үшін смартфонмен бірге жұмыс істейді. Жасап шығарушылардың айтуынша, қолғап бағасы бойынша қолжетімді болады екен. Оның құны 75 долларды құрайтын көрінеді.
Естеріңізге сала кетсек, бұдан бұрын ҚБТУ студенттері төтенше жағдайларды анықтауға және жапа шеккендерге көмек көрсетуге арналған ұшқышы жоқ ұшақ жасап шығарған болатын.
Дайындаған: Ғани Тұрғынбеков
Сурет: kp.ru