ҰБТ-ның бірінші күні оқушылардың 1/4 бөлігі тестілеуден құлады

ҰБТ-ның бірінші күні оқушылардың 1/4 бөлігі тестілеуден құлады

Ұлттық тестілеу орталығының жариялаған ақпаратына сүйенсек, 3 маусым күні тестілеуге қатысқан 24152 түлектің 26,3 пайызы өту деңгейінен өте алмаған яғни 6368 оқушы. Өз кезегінде 100 баллдан жоғары жинағандар саны – 2743. Бұл жалпы бітірушілердің 11,3 пайызын құрайды. Сонымен қатар, бірде бір мектеп бітіруші максималды - 125 балды жинай алмады. Алғашқы күннің қорытындысы бойынша, ең жоғары нәтиже – 124 балл, оны 2 бітіруші жинады. Оны Балташева Назира (Тараз қ., №1 гимназияның оқушысы ) мен Орынбаева Алтынай (Алматы қ., №148 мектеп-гиназиясының оқушысы ) жинаған.

Естеріңізге сала кетсек, кешегі тестілеу Қазақстан бойынша 56 пунктіде өткізілді. 

Ақпарат көзі: testcenter.kz

Дайындаған: Ерғали Елдос

Сурет: univerlife.kz 

Ж. FM