ҰБТ-дан өту баллын жинай алмасаңыз

ҰБТ-дан өту баллын жинай алмасаңыз

2012 жылы Қазақстанда жоғары оқу орнына түсуге қажетті минималды өту баллын 43 163 (36,8%) түлек ала алмады.  Дегенмен тестілеуде болған сәтсіздіктерге қарамастан, оларға әлі де болашақтың есігі ашық! 

Соңғы сәтсіздік - жетістіктің баспалдағы. Сондықтан психологиялық кедергіні жеңу үшін әрбір түлекте дәл осындай ой болуы керек. 

ҰБТ - ол тек білім деңгейін тексеру ғана емес, сондай-ақ лотерея және одан ұтылғандар да ұтқандар да бар. Бірақ өз болашағың тек өз қолыңда екенін ұмытпа!

1. Өз-өзіңді қолға алып, өз-өзіңді кінәлауды қой. Кез келген сәтсіздікке ұшырағанда ең бастысы оның себеп-салдарына талдау жасай білу. Жағдайға сырт көзбен қарап, ҰБТ-2012-ден құлауыңның себебі неде болғанына шын жауап беруге тырыс. Тестілеуге қаншалықты қажырлы дайындалдың? Қандай қателер жібердің және оларды қалай түзеуге болады?

Сонымен, егер сен минималды өту баллын жинай алмасаң: 

1. Біраз демалып, қайта тапсыру үшін дайындықты баста.

ҰБТ-ны, яғни кешенді тестілеуді келесі жылы да қайта тапсыруға болады. Бұл тестке өткен жылдарғы түлектер қатысады. Сенің иелігіңе тағы бір жыл беріледі және бұл грантқа түсудің үлкен мүмкіндігі. 

2. Колледжге немесе техникумдарға түсудің жолдарын қарастыр. 

Жаңа ережерлерге сәйкес колледж түлектері ЖОО-да білім алғылары келсе, олардың кешенді тестілеуден өтулері қажет. 

3. Шетелдік ЖОО-ларға түсуге болады.

Шетелдік жоғары оқу орындарына ҰБТ нәтижелері қажет емес, сондай-ақ қабылдау кезеңі жылына бірнеше рет болады. Егер мүмкіндік болып жатса, неге шетел университеттерінде білім алмасқа?! 

Дайыдаған: Ғани Тұрғынбеков

Сурет: kiev-pravda.info

Ж. FM