ҰБТ. "Бір құмалақ бір қарын майды шірітті"

ҰБТ. "Бір құмалақ бір қарын майды шірітті"

Биылғы ҰБТ былтырғыдан өзгеше өтті. Талайлардың түн ұйқысын төрт бөлген ҰБТ әділ өтті деген алып-қашпа әңгімеде негіз бар. Неге десеңіз, биылғы тексерістің қаталдығы барлық жылдағыдан асып түсті. Сынақ тестерінде 100 балдың желкесінен бір-ақ шығатын талапкерлеріміз нағыз сынақта 100-дің қарасын көрмек түгілі, өту балына зар болып қалған жыл болды бұл. Дегенмен, қатаң тәртіптің тізгінін ұстаймын деп бұйрақтан сирақ шығарғандар да жоқ емес. 

"Бір құмалақ бір қарын майды шіртеді" деген жақсы бір мақал бар. Бұл жағдай тек Аграрлық университетте орын алып отыр. 3-4 қызды шешіндіріп тексерген Сарыарқа құқық қорғау органдарының қызметкерлері. Адамдардың қандай екенін жақсы білесіздер: кішкене бақылауды өтінсең, олар мынадай жағдайға дейін барып отыр. Әлбетте, тиісті шараны қолданамыз. Бұрын бұндай жағдай ешқашан болмаған. Мен әріптестеріме келесі жылы осындай оқиғаның қайталанбау керектігі туралы хат жолдадым, - дейді Білім және Ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов өз сөзінде. 

Естеріңізге сала кетейік, Астана қаласындағы Ғ. Орманов атындағы №7 мектеп-гимназияның түлектері С.Сейфуллин атындағы Аграрлық университетте бірінші маусым күні тест тапсырған еді. Сынаққа кірер алдында тексеруші топ талапкерлерді тыр-жалаңаш шешіндіріп, тінткен болатын.

Дайындаған: Мейіргүл Оңғарова

Сурет: news.headline.kz

Р. Роза