Тынышталудың ең озық үлгілері

Тынышталудың ең озық үлгілері

Алда емтихан келе жатыр ма? Ата-анаңмен немесе сүйіктіңмен керісіп қалдың ба? Ешкім сені түсінбей ме? Саған ең алдымен тынышталу керек және өз-өзіңді қолға алуың тиіс. Әрине, ондай сәттерде іштей жарылғың келіп тұрады, бәрін, бәрін ақтарып... Сонда да тынышталуға тырыс!

Таяуда психолог мамандар тынышталудың ең озық үлгілерін анықтай алды:

1. Шайға түймедақ немесе жалбыз қосып іш.

2. Ұйқыға жатар алдында 10-15 минут табиғат әуендерін тыңдап ал.

3. Хош иісті шам жағып қой. Ваннаға кіріп, ең жақсы көретін кітабыңды оқы.

4. Таңертеңгісін тұрғанда физикалық жаттығулар жаса. 

5. Бір айда бір рет болса да үйіңе гүл сатып алып қой. Бөлме ішін хош иіске толтырады және кеш бойына жақсы көңіл-күй сыйлайтын болады. 

6. Үйге шырша бұтақтарын жасандырып қой. Алда келе жатқан үлкен мейрам туралы ой салып, сыйлық күтетін боласың...

7. Жиі-жиі кішкентай балалармен сөйлесіп тұр. 

8. Көп уақытыңды жарық жерде өткіз. Бөлме шамын үнемі жағып жүр.

9. Әр таңда тұрған бетте бір параққа ойға келген дүниенің бәрін жазып таста. 

10. Достарың мен ең жақын адамдарыңа сыйлық жасап тұр.

сурет:seti.ee

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Л. Лига