Тынық мұхитындағы жұмбақ арал ғайып болды

Тынық мұхитындағы жұмбақ арал ғайып болды

Тынық мұхитының оңтүстік бөлігінде орналасқан, осыған дейін Google Earth және тағы басқа карталар бетінен көрінген арал аяқ астынан жоғалып кетті. Бұл жөнінде аралды зерттеу мақсатында барған аустралиялық ғалымдар хабарлап отыр.

Аустралия мен Жаңа Каледония аралығында Коралл теңізінде орналасқан бұл арал мұхиттанушы ғалымдар тарапынан Сэнди деген атқа ие болып, осы күнге дейін әлемдік спутниктік картадан бірнеше мәрте көрінген еді.   

Белгісіз аралды зерттеу мақсатымен құрылған экспедиция барған жерінен құрлықтың нышанын да байқамаған. Осы болған жағдайға экспедиция құрамында болған Сидней университетінің ғалымы Мария Сетон да аң-таң. "Біз картадағы аралмен толық танысу үшін арнайы экспедиция жасақтап, белгісіз аралға аттанған болатынбыз. Кемедегі карта да аралдың координатын көрсетіп тұрған еді. Алайда белгіленген жерге жеткенімізде, ешқандай аралдың жоқ екенін көріп, қатты таң қалдық. Аралдың қалайша жоғалып кеткенін түсінбей отырмыз. Қазіргі кезде болған жағдайдың себебін іздеп жатырмыз", - дейді ол.

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: leila-1503.livejournal.com

Б. Қосмағамбет